"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Байқоңыр – ғарыш айлағы

10.04.2019

2018-2019 оқу жылында өткізілген  мектепішілік саптық жиыннан

«Байқоңыр – ғарыш айлағы» тақырыбындағы

Ақпарат

Мақсаты: 

  1. Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 58 жыл екенін атап өту;
  2. Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; 
  3. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, ғарышкерлер суреттері, «Байқоныр ғарыш айлағы» атты бейнебаян (Bilimlend), Төреғали Төреәлінің «Байқоңыр»  атты клип.    

Ән: «БАЙҚОҢЫР» орындайтын 8г оқушылары.

Барысы:

Абдраманова Н.: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Осы мерекеге дайындығымызды тамашалауға шақырамыз.

8 Г сынып оқушыларының ғарыш әлемі, қазақ ғарышкерлері туралы қысқаша мәлімет береді, ой қозғайды.

Адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары жөнінде, Байқоныр жайлы бейнебаян.

Ғарыш туралы білгендерін бір саралап, сұрақтардың жауабын табуға тырысады. Жауабын тапқан оқушыларға сыйлықтар ұсынылады.

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Қорытынды: Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек!

Ендеше, құрметті қонақтар, Әнші, ақын Төреғали Төреәлінің «Байқоңыр» әнін  тыңдап, көңілімізді бір көтеріп отырайық!

 

Просмотров: 650


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст