"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Байқоңыр – ғарыш айлағы

10.04.2019

Мақсаты: 

  1. Ғарыш әлемі жайлы және 12 сәуір – ғарышкерлер күні екенін түсіндіру, ғарышқа 58 жыл екенін атап өту;
  2. Қазақстан еліндегі Байқоңыр ғарыш айлағының және ғарышкер мерекесіне орай Кеңес үкіметінің және қазақ еліндегі тұңғыш ғарышкерлер туралы мәлімет беру; 
  3. Адамзаттың ортақ үйі – Жер планетасына, ғарыш әлеміне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, ғарышкерлер суреттері.

 Ән: «БАЙҚОҢЫР» орындайтын Есқараев Мереке

Абдраманова Н.: Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Осы мерекеге дайындығымызды тамашалауға шақырамыз.

Мейірхан: Осыдан тура 58 жыл бұрын алғаш жер серігі де, бірінші адам да әлем бойынша қазақ жерінен, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын.

Алсу: Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды.

Дарья: Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.

Мерей: -Неліктен космодром «Байқоңыр» болып атанған?

 

Алсу:  «Байқоныр ғарыш айлағы» атты бейнебаян тамашалайық

Дарья: Байқоңыр — ғарыш алаңы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді.

Мерей:  1961 жылдың 12-сәуірінде 108 минут уақытта Жерді бір айналып шыққан ғарышкер Юрий Гагариннен кейін де 58 жыл өткен екен. Содан бері талай ғарышкерлер ұшып зерттеу жұмыстарын жүргізді. Солардың ішінде біз мақтанышпен айта алатын Қазақстандық батырлар да бар. Олар қасиетті қазақ жері ”Байқоңырдан” ғарышқа аттанған. Биыл ғарышкер Тоқтар ағамыздың ұшқанына 28 жыл толып отыр.
Алсу:  Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақ ғарышкері болып тарихта қалды. Тоқтар Әубәкіров ғарышта 7 күн, 22 сағат, 13 минут болды. Ал Талғат Мұсабаев ағамыз ғарышта 341 тәулік болып, оның 42 сағат, 36 минутын ашық ғарышта өткізген. Талғат Мұсабаев бір емес, ғарышқа үш рет ұшып барып, аман-есен туған жерге оралды.

Дарья: 1957 жылы ғарышқа жол 4 - қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен « Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды.

Келесі кезекте 8 г сынып оқушылары ғарыш әлемі, қазақ ғарышкерлері туралы өлең жолдарына назар аударайық.

Алсу: Сайра бұлбұл көкейден үн төгіледі,
Жырға бөле даланың әр төбесін
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер.
Көтереді қазағымның мәртебесін

Нұрсултан:Сүрінген бабам сан рет,
Космосқа қарай барам деп.
Қойынында мылқау тірліктің
Қандай сыр барын білем деп,
Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,
 
Камилла: Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,
Үзілген үмітімді жалғап кетем!
Ақынға да кеңістік, ғарыш керек.
Көз жазбасаң ерлікке, самғап бекер!
 

Данияр: Қос ғарышкер,
Қос батыр,
Қос жұлдызым,
Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.
Тағы да озып келсін Талғатым деп,
Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.


Мерей: Ғарышқа үш рет сәтті сапар жасаған атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевқа :
Ғарыштың кеңістігін бағындырған,
Үш жүзден артық онда тәулік болған.
Бір емес үш қайтара сапар шеккен,
Ер жүрек,батыр едің аға неткен?!
Ел мерейін өсірген ерлігімен,
Сапар шегіп ғарышқа Жер серігімен.
Туған жерге оралған ел батырын,
Ұмытпаймыз,қосамыз әнге атын.

Дарья: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровке:
Алтын бесік тербеткен,
“Байқоңырдан ”аттандың.
Ең алғашқы қазақтың,
Ғарышкері атандың.
Мақтанады өзіңмен,
Бүгінгінің баласы.
Мүмкін олар ертең-ақ,
Ізбасарың болады.

Алсу: Сайра бұлбұл көкейден үн төгіледі,
Жырға бөле даланың әр төбесін
Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер.
Көтереді қазағымның мәртебесін

Мейір: Ендеше, құрметті қонақтар, Әнші, ақын Төреғали Төреәлінің «Байқоңыр»  атты әнін 8 г сынып оқушылары     орындайды, әуезді ән тыңдап, көңілімізді бір көтеріп отырайық!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ғарыш туралы білгенімізді бір саралап, сұрақтардың жауабын табуға қалай қарайсыздар? Сіздерге сұрақ қоямыз, жауабын тапқан адамға сыйлығымыз бар.

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р


1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?

Жүргізуші: Ежелден адамдардың арманы ғарыштың әлі де ашылмаған құпиясын, сырларын зерттеп білу болды. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты - адам. Біз өзіміздің тұратын Жер планетамызға ұқыптылық-құнттылықпен қарап, қорғауымыз керек. Тәрбие сағатымыздың соңғы бөлімі «Сіздерден бізге бір тілек» деп аталады. Құрметті қонақтар, араларыңыздан біздерге тілек білдірем деушілер болса, сөз тізгіні өздеріңізде.

(Қонақтар топ студенттеріне тілек білдіріп, тәрбие сағатынан алған әсерлерін айтады).

Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар мен ата-аналар! Көріп, тамашалағандарыңызға көп рахмет!

 

Жауапты:                              Абдраманова Н.Р.

 

/public/files/2019/4/10/100419_113502_bayonyrarysh-aylay.doc

 

Просмотров: 821


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст