"Ыбырай Алтынсарин - ұлы тұлға" тәрбие сағаты, 1А сыныбы, Касаева Ж

Тақырыбы:

«Ыбырай Алтынсарин – ұлы тұлға»

 

Мақсаты: 

1. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту.

2. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекілігі: 

слайдтар, кітапшалар, мектеп макеті.

 

Сабақтың барысы:

  • Ендешебалалар бүгінгі тәрбие сағатымызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы-ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз. 

(слайд көрсету)

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты Ибраһим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған. Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып, Үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі. Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес, әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре" болып шығуы, ата-анасын асырауы. 

Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады.Ол кезде Ыбырай тоғыз жаста болады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет, тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп оқиды. Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді алдына мақсат етіп қояды. Ы.Алтынсарин өзінің ардақты борышы балаларды оқыту деп түсінеді. 1860 жылы Жайық жағасындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылды деген кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Ол жерде Ыбырайдың нағашылары Шеген әулеті тұрған. Торғайда жұмыс жасап жүргенде Шолақ деген құрметті адамның қызына үйленген. Әйелінің аты Айғаныс. Ол екеуі көпке дейін перзент сүйе алмаған. Қазақтың салты бойынша інісі Оспанның ұлы мен қызын тәрбиелейді. Өздерінің тұңғыш балалары 1881 жылы дүниеге келіп, атын Абдолла деп қояды. Екінші ұлы Әбдірахман 1884 жылы дүниеге келсе, қызы Шәрипа 1886 жылы дүниеге келген.

1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

 

Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.

 

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Оқысаңыз , балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық..

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар,

Оқымыстың байлығы,

Күннен- күнге көп болар

 


  • Ы.Алтынсарин. Қара батыр (ертегі)
  • Ы.Алтынсарин. Тазша бала (ертегі)
  • Ы.Алтынсарин. Ағаш үй мен киіз үй (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Алтын шеттеуік (шекілдеуік) (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Асыл шөп (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Атымтай Жомарт (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Аурудан аяған күштірек (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Бай баласы мен жарлы баласы (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Бай ұлы (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Білгеннің пайдасы (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Бір уыс мақта (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Данышпан қазы (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Әдеп (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Әділдік (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Әке мен бала (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Әлім кісі (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Жаман жолдас (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Жамандыққа жақсылық (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Жан-жануарлар айтысы (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Жиренше шешен (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Зеректік (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Қыпшақ Сейітқұл (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Лұқпан әкім (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Малды пайдаға жарату (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Мейірімді бала (әңгіме)
  • Ы.Алтынсарин. Мұңсыз адам (әңгіме)
  •  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау:

Біз, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.