Ал, қанекей Әжелер!
Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы.
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Сайыстың жүру тәртібі;
1. Ұйымдастыру. кіріспе сөзі.
2. Әже мен немерені таныстыру
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру
4. Сайыстың шарттарымен таныстыру
5. Сайысты қорытындылау.
Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі - деп біздің мектебімізге қош келдіңіздер!Мерекелеріңізбен сүйікті аналар, ардақты әжелер, құрметті апайлар!Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін ______ботақанымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана ______әжейді қарсы алыңыздар!
2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. _________әжесі сүйкімді, қызметкерлерінің бәрі біледі, деп ____ немересімен _____ әжейді қошеметпен қарсы алайық!
3. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып _____ерке немересімен ____ әжейді ортаға шақырамыз.
4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже ____ күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі ___ әжейді ортаға шақырамыз!
5. Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді - деп _______ әжесі _________әжейді немересі мен ортаға шақырамыз!
6. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. _________әжесі сүйкімді, қызметкерлерінің бәрі біледі, деп ____ немересімен _____ әжейді қошеметпен қарсы алайық!
7. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып _____ерке немересімен ____ әжейді ортаға шақырамыз.
5. Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді - деп _______ әжесі _____________ әжейді немересі мен ортаға шақырамыз!
Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.
1.
Құрметті қонақтар келесі кезекті балаларымыздың аналарына арнаған құттықтау әндеріне берейік.
Ән: Асыл әжем жыр ажем атты әнмен ортага
1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»
Әжем болса қасымда
Көтеріңкі көңілім
Алтын әжем тілекші
Немерелер өмірін.
2 - Кезең «Өнер сайысы»
Әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
Би билегім келеді,
Бірақ қалай бастаймыз - деп
3 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы.
Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.
Сұрақтар;
1 - билет
1. «Тілашар» қай кезде жасалады.
2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.
3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....
2 - Билет
1. Жеті ата қалай аталады?
2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....
3 - билет
1. Үш арсыз қалай аталады?
2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?
3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....
4 - Билет
1. Бес парыз қалай аталады?
2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға......
5 - билет
1. Базарлық деген не?
2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата
3. Ұйқасын тап: Аю отыр партада
Екі қолы қалтада
Апай сабақ сұраса
Ұйықтап қалды........
6 - билет
1. «Сүндет той» қай кезде жасалады.
2. Дастарханға етті қалай жасайды .
3. Ұйқасын тап: Көз алмай күнге алыс,
Қарайды…
7 - билет
1. «Бастанғы» қай кезде жасалады.
2. Наурыз туралы түсінік беру.?
3. Ұйқасын тап: Жағасында бұлақ
Жайылып жүр… (Лақ)
8 - билет
1. «Сүйінші қай уақытта сұралады?
2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай.?
3. Ұйқасын тап: Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты… (Жолбарыс)
9 - билет
1. «Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелейді.?
2. Наурыз көже қалай жасалады ?
3. Ұйқасын тап:
Жүндi жайып өрнектеп,
Шиге орап тептiк төпелеп.
Сосын аштық көрмек боп,
Дап-дайын тамаша… (Текемет)
4 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі.
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық.
Қорытынды бөлім.
Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.
Бас жүлде
1 орын
2 орын
3 орын
1. «Білгір әже»
2. «Мейірбан әже»
3. «Алтын оймақты шебер әже»
4. «Бұлбұл әнші әже»
5. «Балқаймақ әже»