"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті

24.02.2023

    Талапкер ауылы жалпы білім беретін  мектеп кітапханасында «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында  әсерлі кездесу өтті. Кездесу қонақтары Елтаңба авторы, профессор, академик ,сәулетші  Жандарбек  Мәлібекұлы, ҚР «Абай» атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының басқарма төрағасы  Гафуров Аслан  Қабылбекұлы, Мәдениет спорт министрлігінің «Геральдық зерттеулер орталығы» республикалық мекемесінің директоры Байжұма Асылбек қатысты.    

     Кездесуді мектеп басшысы Сагымбала Хасенқызы ашып, қонақтарды оқырмандарға таныстырып өтті. Алғашқы сөз Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлына берілді,  ол өзінің өмірбаяны: балалық шағы, студентті өмірі, шығармашылығы туралы айтып өтті. ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек  Мәлібекұлы 1959 жылы Ташкентке  сәулетшінің оқуына түседі. 1965 жылы  оқуды тәмәмдап, сол елде біраз қызмет істейді. Басқа елде жүрседе сәулетші Отанына оралуына сенеді.

    Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Елтаңба нұсқасын жасауға байқау жарияланады. Байқауға ұсынылған 293 жобаның ішінен Жандарбек Мәлібекұлының  жобасы қабылданады. Сәулетші өзге елде жүрсе де, еліндегі жағдайға көңілі елеңдеп, бей-жай қарай алмаған. Негізгі мақсаты- байқауда жеңу емес, Елтаңба арқылы халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, жалпы,қазақи болмысын көрсету болған екен. Архитектордың қолынан шыққан жобалар Астана қаласында да жетерлік. 2017 жылы өткен халықаралық ЕХРО көрмесіне де сәулетшінің ұлттық нақыштағы жобалары енгізілген. Отанына оралу сенімі 2001  жылы орындалып Астанаға көшіп келіпті. Қазіргі таңда Л.Гумилев Еуразия Ұлттық университетінде ұстаздық етеді екен

Ол «Астаналық» деген атты арқалау мен үшін үлкен-жауапкершілік, «ойлау деңгейің, жұмыс істеу қабілетің өзгеше болады, себебі, Астана- қазақ халқының мыңдаған жылдар бойы армандаған қаласы»- дейді сәулетші.

  Одан кейін сөз алған Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының басқарма төрағасы  Гафуров Аслан  Қабылбекұлы, Мәдениет спорт министрлігінің «Геральдық зерттеулер орталығы» республикалық мекемесінің директоры Байжұма Асылбек , «Геральдикалық зерттеулер» орталығы туралы және оның мақсаты туралы: мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау ондағы  геральдикалық белгілерді,қазақ елінің рәміздеріне дейінгі елдікті, билік белгісін білдіретін тарихи таңбалардың (Сақ,Ғұн,Үйсін, Алтын Орда,Қыпшақ,Қазақ хандығы ,Кеңес дәуірі, Тәуелсіз Қазақстан) жинақталған үлгілері туралы оқырмандарға кеңінен таныстырылды.Геральдика дегеніміз бір ұлттың ғана емес бүкіл бір материктегі хандықтар мен империялардың ұлттық белгісі, елтаңбасы екені айтылды. Оқырмандар бұл кездесуді көңіл күйлерімен тыңдап, сұрақ қою арқылы, жауап ала отырып өз ойларымен бөлісті. Кездесу кезінде Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы мектеп ұжымына рахметін айтып мектеп кітапханасына  өзінің «Қазақстан Елтаңбасы» кітабын және Геральдикалық зерттеулар орталығынан «Қазақ геральдикасы» кітабы мен Таңбалар тілі ғылыми танымдық журналын  тарту етті. Кездесуге ат салысқан қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдеріне алғысымыз шексіз. Соңында қонақтармен оқырмандар естелік ретінде суретке түсті.

А.Әубәкірова  мектеп  кітапханашысы

   



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 24.02.2023 16:32
Құрылған күні: 19.04.2023 22:02

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст