Армысыздар, ардақты ата - аналар, аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Айгөлек» байқауының 2-айналымына қош келдіңіздер.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп, ән шырқап, түрлі өнерлерін көрсетеді.
Ендеше, бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен танысайық:
*______________________________________________
*______________________________________________
*______________________________________________
Армысың халайық қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Ұрпақпен өмір жолы жалғанады.
Бүгінгі күн сіздерге арналады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі.
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін жұлдыздар сайысады - деп, бүгінгі кешімізді бастаймыз. Байқау кезеңдері 5 ұпай бойынша бағаланады. Байқауымыздың тақырыбы «Ана – өмір шуағы» яғни балалар ана туралы ән шырқайды.
Өткен күн таң тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса еліктіріп балалар,
Қиялға еліктіріп ертеді ғой.
Қатысушыларымызды кезекпен өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
1 А –Жумабек Сундетхан «Анашым»
1 Ә – Қалқабек Әлинұр «Айналайын мама»
1 В – Тулегенов Мансур
1 Д – Сабырова Арай «Анашым қартаймашы жалынамын»
2 А – Қуаныш Алина Алима «Анашым»
2 Ә Серикова Камила «Менің әжем»
2В – Серікбай Аяулым
2 Г – Тұрғын Асия «Анашым»
2 Ғ – Назымбек Ясмина «Ана»
2 Д - Айтанова Айтолқын «Ана жаным»
3 Б - Молжігіт Самал «»
3 Д Бүркіт Мирас «Алтын ана»
3 Д Мильюк Ильяс «Асыл ана»
3 Г Шэкизад Алинур «Анашым қартаймашы»
4 Б – Базарбек Алина «Аяулы ана»
4 Ғ – Тәжібай Аяулым «Анашым»
4 Д – Садықова Нұрай
4Е - Нурлыбек Мадина, Садық Айару «Әке-ана»
Жүргізуші:
Сән — салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
. Бұл мереке, бұл тойға,
Әнмен шашу шашайық – дей отырып Сериков Исламды ән шашумен ортаға шақырайық.
Енді қатысушыларымыздың ұпай сандарын білу үшін әділ – қазыларға сөз береміз.
Осымен «Айгөлек» ән-би байқауы өз мәресіне жетті.
Күнде жиын бола бермес дәл осындай,
Күн сайын өзгереміз, өркендейміз.
Ұл – қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен,
Алдымызда отырған әділқазы қонаққа сөз береміз.
Сын — шын, бағалау әділеттіболсын! Жеңіске жеткен жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Көріскенше күн жақсы болсын!!! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Қош сау болыңыздар!