"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ауған асуында от кешкендер

13.02.2019

Бекітемін:                                                                           Келісемін:

№3 Талапкер орта                                                           Директордың тәрбие ісі

мектебінің директоры                                                    жөніндегі орынбасары

Абеева С.Қ.______                                                            Хамзина Г.А._____

«___»________2019ж                                                         «___»________2019ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізгендер:  Кайкенова А.А.

Тілеуберді С.С.

Аубакирова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019 жыл

 

Тақырыбы: «Ауған асуында от кешкендер»

Мақсаты:

Білімділігі: Ауғанстан соғысы туралы тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.  “Ауған соғысы” – туралы мәлімет беріп, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Тарихи материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің  рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Негізгі ұғым

-Жауапкершілік сезімін ояту.

-Отанына, еліне отбасына деген сүйспеншілігін ояту

-сыныптастарына құрметпен қарау

   
 

АКТ, суреттер,үлестірме парақтар.

Көрнекілік.

Жұмыс кезеңі

Еске алу сабағы

Қатысушылардың іс әрекеті

Уақыт

 Психологиялық сәт.

Әнұран

«Ауған соғысы» бейнебаян

(Бейнебаянды талдау)

2 мин

5 мин

 

 

Жаңа мәліметпен танысу

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

15-ақпан тарихта қандай күн болып танылған?

 (оқушылар жауабы)

 

-2-жүргізуші:

       Құрметті оқушылар бүгінгі сабағымыз Ауған жауынгерлерін еске алу сабағы. «Ауған асуында от кешкендер» деп аталады. Өздерің білесіңдер сендер бұл соғыс туралы бастауыш сыныпта естігенсіңдер. Сонымен  Ауған соғысы  27.12.1979— КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Соғыс - зұлымдық. Жазықсыз қанша жанның қанын төккен. Бұл да ұлы соғыс болды. Не үшін? Не себепті? Неге керек деген сұрақпен қанша еліміздің азаматтары Отан алдындағы борышын өтеу үшін соғысқа аттанды...

   1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиынға сол бір кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсеткен Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғысының ардагерлері бізде қонақта. Ендеше мектебіміздің түлегі, қаһарман, жерлесіміз, ауылымыздың азаматы: Көшпесов Зият Жылқыбайұлы және  Көшербай Хамитұлы . Ауған соғыс ардагерлеріне сөз беріледі.

 

2-жүргізуші:

Мен қазақпын,

Ұланымын елімнің,

Мен қазақпын

Тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген

Болашаққа алға бастап жетелер

Ауған соғысынан оралмаған жауынгерлерімізге үнсіздік

 

Сұрақ-жауаппен қортындылау.

1.Ұлы Отан срғысы қай жылдары болды?

2.Айған соғысы неше жылға созылды?

3. Қай жылы Ауған жерінен КСРО жауынгерлері шығарылды?

                                                      (Оқушылардың сұрақтары)

 

        

       Құрметті оқушылар! Барлығымыз бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі біздің ардагерлеріміздің арқасы. Сендерде Отан алдындағы барыштарынды өтейсіңдер. Елімзді қорғайсыңдар. Әр дайым елімізге адал, меірімді, шыншыл, адамгершіліг мол,  ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.

 

 5 мин

Рефлексия.

Баяу музыка қойылады. 

Бүгінгі өткен сабақтан алған жақсы әсерлерімізді ойымызға түйіп, жүрегімізге сақтап алайық.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 Талапкер орта мектебінің өтілген іс-шаралары бойынша

АҚПАРАТ

 

         Талапкер орта мектебінде ақпанның 31-і жұлдызында Ауған соғысына 30 жыл толуына орай  «Ауған асуында от кешкендер» атты кітапханалық жиын өтті.

Жиынның басты мақсаты: “Ауған соғысы” – туралы мәлімет беріп, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің  рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
           Жиынымыз  Ауған соғысының ардагерлері мектебіміздің түлектері, қаһарман, ауылымыздың азаматтары: Көшпесов Зият Жылқыбайұлы және  Көшербай Хамитұлымен таныстырудан басталды . Ауған соғыс ардагерлеріне сөз беріледі. Оқушылар тарапынан ардагерлерге деген көптеген сұрақтар қойылды. Оқушыларға ауған соғысы жайлы  тарихи мәліметтер де берілді.Ауған соғысынан оралмаған ардагерлерге 1 мин үнсіздік жариялады. Жиынды сұрақ-жауап арқылы қортындыланды. Жиын соңында оқушылар ардагерлермен суретке түсті.

 

 

 

Кітапханашы: Қабылда Ж.Е.

 

 

 

 

Просмотров: 728


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст