«Қыс мезгіліндегі жұқпалы аурулар және респираторлық аурулардың алдын алу»
Талапкер ауылы №3 орта мектептің 9-сынып оқуышларымен өткізілген «Қыс мезгіліндегі жұқпалы аурулар және респираторлық аурулардың алдын алу» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарының ақпараты
8 қаңтар күні 9-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қыс мезгіліндегі жұқпалы аурулар және респираторлық аурулардың алдын алу» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстары дөңгелек үстел ретінде ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты: ІІІ оқу тоқсаны қашықтан және штаттық режимде ұйымдастырылатындықтан әрі қыс мезгілінде жұқпалы аурулар өршитіндіктен оқушылардың арасында жұқпалы аурулардың және респираторлық аурулардың алдын алу мақсатында оқушыларға жан-жақты мәлімет беру.
Дөңгелек үстел барысында оқушыларға қыс мезгіліндегі жұқпалы аурулар және респираторлық аурулардың алдын алу туралы толық ақпарат беру үшін Алматы қаласынан арнайы маман-дәрігер қонақ ретінде шақырылды. Қонағымыз Сулейменова Акбота Сүйеншіқызы ІІ категориялы жалпы тәжірибелік дәрігер, резидент, анестизиолог, реаниматолог. Қазіргі таңда Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет атқарады.
Акбота Сүйеншіқызы маман ретінде оқушыларға қыс мезгіліндегі жұқпалы аурулар және респираторлық аурулар жайында жан-жақты ақпараттар берді. Аурулардың түрлері, олардың алдын алу және ауырған жағдайда өз бетінше емделмей, дереу дәрігердің көмегіне жүгіну керектігін баса айтты. Сонымен бірге оқушыларға әлемдік деңгейде үлкен мәселеге айналып, адамзат денсаулығына қатер төндіріп отырған коронавирус инфекциясы жайлы, мектепте, үйде, қалада жүрген кезде ұстанатын шақтық шаралары жөнінде толық ақпарат берді. Ауырған жағдайда қалай тамақтану керектігі де айтылып өтілді.
Сынып жетекшілер оқушыларға тақырыпқа сай арнайы дайындалған презентация ұсынды. Түсіндіру жұмыстары кезінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Асанова А.Б. және Хамзина Г.А. қатысты.
