"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты конференция өтті

16.12.2021

 «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты конференцияның ақпараты

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы» атты  конференция өтті. Конференцияға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Конференцияны ұйымдастырушы тарих бірлестігі мұғалімдері Бекбергенова Лариса мен Рахимов Ермек оқушыларға Тәуелсіздік тарихы мен Елбасының дара жолын түсіндіріп, сөз сөйледі. Конференция барысында 11 «А» сынып оқушысы Өмірзақова Ақерке «Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресі» тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға қатысушылар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму үдерістерін талқылады. Сонымен қатар, жиналғандар еліміздің халықаралық кеңістіктегі рөлін де ой талқыға салды.

Конференцияда ел болашағын айқындаған осы игіліктің барлығы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында тиімді жүзеге асқаны туралы айтылып, қорытынды жасалды.

«Қоғамдық пәндер» бірлестігі

Просмотров: 471


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст