"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында пікір-сайыс

15.12.2021

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында пікір-сайыс

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында пікір-сайыс өтті. Пікір-сайысқа «Жалын» дебат үйірмесінің мүшелері – 9 «В» сыныбының оқушылары Жандәулет Жанель, Бақбергенов Бексұлтан және , 9 «Г» сыныбының оқушылары Серигбай Айдана, Жансерік Бақытнұр қатысты. Пікір-сайыс «Қоғамдық пәндер» бірлестігі мұғалімдерінің қатысуымен және жауапты тарих пәнінің мұғалімі Байманов Айбардың ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістігін оқушыларға жеткізу мақсатында өткізілді.
Сабақ барысында тарих пәнінің мұғалімдері Байманов Айбар мен Абилов Алибек Тәуелсіздікке қолжеткізу жолындағы қиындықтар мен тәуелсіз ел ретінде жеткен жітістіктеріміз жөнінде баяндама жасады. Оқушылар Тәуелсіздікке қатысты өз ойларын қосты.
Әрі қарай «Жалын» дебат үйірмесінің оқушылары «12 жылдық білім беру қажет пе?» деген тақырыпта пікір-сайыспен жалғастырды. Пікір-сайыс өте тарысты өтті. Екі тарапта өз ойларын еркін жеткізіп, позицияларын барынша қызу қорғады. Пікір-сайыс еркін елдің еркін ойлы азаматтары қалыптасып келе жатқанын көрсетті.

Просмотров: 919


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст