"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

10-11 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдаудың бір жолы-кәсіби бағдар беру» тақырыбында семинар- кездесу ұйымдастырылды

19.11.2021

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.  
Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, Талапкер ауылы жалпы орта мектебінде 2021 жылдың 19 қараша күні Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетінің кәсіптік бағдар беру және тестілеу орталығының бастығы  Кокаев Өміржан Шералұлы,  механика- математика факультетінің деканы Қозыбаев Данияр Хайбілдәұлы,   Іргелі математика кафедрасының меңгерушісі Алдай Мақтагүлдердің қатысуымен  10-11 сынып оқушылары арасында «Мамандық таңдаудың бір жолы-кәсіби бағдар беру» тақырыбында  семинар- кездесу ұйымдастырылды. Заманауи мамандықтар мен 2021-2022 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеу ерекшеліктері, таңдау пәндерін қалай дұрыс таңдау керек, әр мамандықтың шекті балдары, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің басқа білім ордаларынан ерекшеліктері, сапалы мамандар даярлаудағы жолға қойылып отырған шаралар тәрізді мәселелер төңірегінде жан-жақты, нақты мәліметтер берілді. 
Семинар соңында түлектер көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст