Анаға құрмет! Авторы: Малгаздарова Толкын Бекетовна
|
Пәні: қазақ тілі |
Мектеп: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылы №3 орта мектеп. |
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оқылым Ортақ тақырып: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
|
|
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Малгаздарова Толкын Бекетовна |
|
Сынып: 3 |
Қатысқандар: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Анаға құрмет |
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) |
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау |
|
Сабақтың мақсаттары |
1.Мәтіннің тақырыбын анықтау. 2.Мәтіндегі ойды ашу. 3.Анаға құрметпен қарауға тәрбиелеу. |
|
Бағалау критерийлері |
1.Мәтін тақырыбындағы негізгі ойды анықтайды. 2. Ойын түсінікті етіп айтуға дағдыланады. 3.Адамгершілік құндылықтары дамиды. |
|
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы: Қондырғы, ғалам |
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет, еңбек пен шығармашылық. |
|
Пәнаралық байланыстар |
Музыка, көркем еңбек. |
|
Алдыңғы меңгерілген білім |
Сөз таптарын біледі, сөз құрамына талдай алады. |
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 2 мин
3 мин |
Психологиялық дайындық. (МК, Ұ) «Жүректен- жүрекке» тренинг жүргізу. Шеңбер құрып бір-біріне жылы лебізін білдіреді. (МК) Топқа бөлу: (мозайка әдісі) 1-топ: Алғырлар. 2-топ: Тапқырлар. (Т) Тапсырма: Балаларға « Ана» жайлы әуен тыңдату.(С.Әлібек) Ән кімді еске салғанын сұрау. Ана туралы сын есімдерді пайдаланып постер толтырту.
Дескриптор: -ананың қасиеттері жайлы сипаттай алады. -ананың бала өміріндегі рөлін біледі -әуеннің мағынасын түсінеді Кері байланыс: (өзара бағалау) |
Аудио тыңдалым, постер, ноутбук,маркер
|
|
|
Сабақтың ортасы 7 мин
3 мин
3 мин
5мин
7мин
5мин
3мин |
(Ж) «Ойлан,жұптас,бөліс»Тапсырма: Оқушылар жұптасып «Анаға құрмет» мәтінін рөлге бөліп оқиды. Диалог құру арқылы мәтіннің «Анаға құрмет» деп аталу себебін дәлелдейді. Дескриптор: -мәтінді мәнерлеп оқиды. - ананы құрметтеуді үйренеді. -сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің ойын толықтырады. Кері байланыс: «Сэндвич» әдісі (Т) «Жүгіру диктанты». Тапсырма: Әр топтан бір-бір оқушыдан кезекпен шығып тақтада жазылған «Ана» туралы мақалдарды өз топтарына айтып келеді.Топ мүшелері мақалды сауатты әрі көркем жазуы керек. Мақалдар:
Дескриптор: -мақалды есіне сақтайды. -қатесіз жазады. -көркем жазады. Кері байланыс: «Жапондық бағалау» әдісі.
(Ө)Тапсырма: Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді тауып жазу және мағынасы түсініксіз сөзді теріп жазу. (қондырғы,ғалам) -Анашым, мерекеңіз құтты болсын! Дескриптор: -орфографиялық норманы сақтайды. -пунктуациялық ережені біледі. -сөздің мағынасын түсінеді. Кері байланыс: (ауызша бағалау)
(МК) «Сиқырлы таяқша» Тапсырма: Мұғалім «Ана» туралы өз ойынан өлең шумағын айтады да таяқты келесі балаға береді.Оқушы өлеңге өз ойын қосады .Осылай жалғаса береді. Мысалы: Ана біздің күніміз, Ананың біз –гүліміз. Ұландарды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз. Дескриптор: -сөздердің ұйқасын біледі. -ойдан өлең құрастыра алады. -өлеңді мәнерлеп айтады. Кері байланыс: ауызша «Екі жұлдыз ,бір тілек»
(Ұ)Тапсырма:«Сұрақтар жаңбыры» әдісі. Бірінші оқушы мәтінге байланысты бір сұрақ жазып, парақты умаждап, келесі топқа лақтырады. Қағып алған оқушы жауабын жазып, жауаптан сұрақ туғызып, қайта лақтырады. Ойын іс-әрекеті осылай жалғаса береді. -ашық хат дегеніміз не? -ашық хатта қандай тілектер айтылады? -ашық хат кімдерге арналады? -ашық хатта немен қуттықтайды? -ашық хатта тілек білдірушілер кімдер? Тапсырма: «Сұрақтар жаңбыры» арқылы алған білімін пайдаланып әкемізге, анамызға құттықтау хат жазу. Дескриптор: - ашық хат жайлы біледі. -жазылу жолымен танысады. -Сыпайы сөздерді қолдана алады. Кері байланыс: «Бас бармақ»
(Т) Жигсо әдісі. Тапсырма: Оқушыларды деңгейіне қарай топтап тапсырмалар ұсыну.Тапсырма: « Анаға құрмет» мәтінін пайдаланып ашық хаттың үлгілерін дайындау. 1-топ. Анаға арнап ашық хат жасау (А) 2-топ. Анаға арнап ашық хат жазу(В) 3-топ. Ана жайлы шағын эссе жазу (С) Дескриптор: - ашық хат үлгісін жасай алады. -өз ойын жазбаша жеткізе алады. -әдеби жанрды ажырата алады Кері байланыс: (екі жұлдыз, бір тілек)
Тапсырма: Сөздердің ара-жігін ажыратып, мақалды табу. АНАСЫНСҮЙГЕННІҢБАЛАСЫНСҮЙ |
бетперде
түрлі-түсті қағаздар. фломастер |
|
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлексия. Бес бармақ әдісі арқылы, сабақтың тиімді және қиындық туғызған тұстарын жазады. Үйге тапсырма: Анаға арнап ашық хат жасау. |
|