"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Ыбырай Алтынсарин және Абай» тақырыбында өткен дөңгелек үстел

28.09.2021

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде «Абай» клубының жоспарына сай  «Ыбырай Алтынсарин және Абай» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел  Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналды. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, абайтану кабинетінің жетекшісі Ж.Т.Байсеркеева ұйымдастырды. 
Дөңгелек үстел мақсаты: қазақ ағартушылары Ы.Алтынсарин мен А.Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылық жолындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы сыр шерту, ақпарат алмасу, насихат жұмыстарын жүргізу.
Іс-шарада мектеп директоры С.Х. Абеева, А.С.Шантасов сөз алып,  қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан соң пән мүғалімдеріне сөз кезегі берілді. Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша Амирова С. ағартушылар шығармаларындағы табиғат лирикасына тоқталса, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Реметова А.Қ. ғалымдардың еңбектерін, оның ішінде балаларға қатысты түстарына ерекше назар аударып, бүгінгі күнмен байланысын атап көрсетті. Ал тарих пәні мұғалімі Е.Т.Рахимов Ыбырай ашқан оқу орындарының тарихы және Абай айналасындағы шәкірттер жайлы тың ақпарат берді. Егентаева Ф.А. Ы.Алтынсарин мен Абай шығармаларындағы үндестік жайлы ойын ортаға салды. Дөңгелек үстел соңында оқушылар да сөз алып, ұлылар үндестігі жайлы Венн диаграммасын сәтті толтырды. Тағлымы мол дөңгелек үстел ұстаздар қауымына да, оқушыларға да берері мол іс-шара болды.

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст