"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақстан тілдер мерекесіне орай "Children"s sweet tongue" тақырыбында өткізілген ашық сабақ.

22.09.2021

Қазақстан тілдер мерекесіне орай "Children's sweet tongue" тақырыбында өткізілген ашық сабақ. Заманауи оқыту үдерісінде білім беру мен тәрбие өзара бірлікте қарастырылып, өзіндік қағидаттары нақтыланып келеді. Осы орайда білім беру мекемелерінде жүргізілетін тіл дамыту сабақтарының құрылымы мен сапасына ерекше көңіл бөлу талаптары туындап отыр. Педагогика ғылымы балаға отбасында, балабақшада және мектепте әдеби тіл нормаларын сауатты игертуді талап етеді. Ұстазға жүктелетін міндеттің қаншалықты зор екенін ой елегінен өткеріп, пайымдап көріңізші. Шәкіртті жатық сөйлеуге, ойын көркем де бейнелі жеткізуге, сауатты жазуға дағдыландыру мақсатында ұстаз көп ізденіп, талмай жұмыс жасайтындығы ақиқат. Өзгеше болуы да мүмкін емес.

Бала ана тілінің қыр-сырын терең меңгермейінше, қоршаған орта, табиғат жайында білім алуы, жалпы даму үдерісі ойдағыдай болуы мүмкін емес. Өйткені тіл – адамдар арасында табиғат сыйлаған ең құдіретті қатынас құралы. Адамзат тіл көмегімен өз ойын жеткізіп, өзгенің жан сырын ұғына алады. Бала тілі жетілген, дамыған сайын оған білім беру, ақыл-парасатын дұрыс пайымдай білуі жеңілдірек әрі ұтымдырақ болмақ. Тілі жақсы дамыған бала санасын, жүрегін билеген сезімін дәл, шебер жеткізе алады. Оқу материалдарын ойдағыдай меңгереді, табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі артады.

Просмотров: 643


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст