Текст
17-қыркүйек күні Талапкер ауылының ЖОББМ «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында «Көше тәртібі-өмір сүру тәртібі» тақырыбымен 5-6 сыныптар арасында қашықтықтан дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шара оқушыларға жол ережесін үйрету мақсатында ұйымдастырылды. Жолда жүру ережесін есте сақтауға,оқушыларға жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету, сақ болуға баулу. Оқушыларға жол ережесі жайлы толық ақпарат берілді. Көптеген қызықты тапсырмалар жүргізілді. Оның ішінде: жұмбақтар жасырылды, викториналық сұрақтар қойылды, жағдаяттарды шешу тапсырмалары орындалды. Оқушылар өте белсенді қатысып, өз ойларын жеткізе білді.
Жауапты мұғалімдер: Казиева Ж.С. Кайрбекова С.А.