Текст
«Мың бала» олимпиадасы жыл сайын ауыл мектептерінде білім алатын 5 және 6-сынып оқушылары арасынан 1000 дарынды баланы анықтауға және оларға еліміздің ең үздік білім ошақтарында оқуға мүмкіндік беруге мақсатталған. Биыл да кезекті Ұлттық олимпиадаға Талапкер орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары қатысты. Ағымдағы жылдың 5 мамырында Нұр-Сұлтан қаласы Тәуелсіздік сарайында өткен Мың бала олимпиадасының 2-і турына іріктеу турдан өткен мектебіміздің 6 оқушысы қатысып, өз білімдерін сынады.