«Шынықсаң шымыр боласың» Сынып: 7 «Ғ» Сынып жетекшісі: Жолуашина Г.Г.
|
Күні: 11.01.2021 ж Сыныбы: 7 Ғ Мұғалім: Жолаушина Г.Г. Мектеп: №3 Талапкер орта мектебі |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Шынықсаң шымыр боласың! |
||
|
Сабақтын мақсаты:
|
Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. |
||
|
Бағалау критерийі |
|
||
|
Пәнаралық байланыс: Көрнекілігі: |
Нақыл сөздер Слайд, видео |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі. 5 мин |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
|
|
|
|
Сабақтын ортасы 20 минут
|
Оқушылар жұмбақтың жауаптарын тауып, сабақтың тақырыбын болжайды. Жып- жылтыр, жалпақ бір Жатыр көк айна Жүгіріп, жығылып, Жұлынып, сонда ойнап, Тек тайма! (мұз айдыны)
Тепсең -ақ секіріп, Ұстатпай қашады. Бір жерге бекініп Тұра алмай сасады. (доп)
Даңғыл жол етемін, Тілгілеп ақ қарды Шарықтап кетемін Қапталды, Шатқалды. (Шаңғы)
Табанға қанжар байладым, Бетінде айна ойнадым (коньки)
Оқушылар мәтінді мұқият тыңдап, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар мәтінді оқып, мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Мәтін мазмұнына сай сұрақтар құрастыра отырып, бір - бірінің сұрақтарына жауап береді (әр топ екі сұрақ құрастырады).
Менің атым – Еркін. Мен бос уақытымда спортпен айналысамын. Әр адам спортпен айналысуы керек. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Менің отбасымда анам мен әкем бізді үнемі спортпен айналысуымызды қалайды.Күнде таңертең ерте тұрып, түрлі жаттығулар жасаймын. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Соның барысында мектепте түрлі спорттық үйірмелер жұмыс атқарады. Атап айтсам, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, сонымен қатар шахмат, ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ үйірмесі ұдайы жүргізіледі. Солардың ішінде мен баскетбол үйірмесіне қатысып келемін. Біздің мектептегі баскетбол үйірмесін Байназаров Бахтияр ағай басқарады. Үйірмеге мектебіміздің жоғары сыныбының ұлдары қатысады. Күнделікті белгіленген уақытта ағайымызбен бірге жаттығулар жүргіземіз. Баскетболдан аудан, облыс көлеміндегі турнирлерге қатысып тұрамыз. Атап айтсам, ауданымызда өткізілген жасөспірім ұлдар арасындағы облыстық ашық біріншілігінде командамыз арнайы дипломмен марапатталды. Биыл мектебіміздің ұлдары аудандық біріншілікті жеңіп алды. Мен болашақта Қазақстанның намысын қорғаймын. Бірінші байлық – денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады. Бұл сөз кезегінде жақсы оқуға жемісті еңбект етуге деген ынта–жігерді арттырады. Елбасымыз қазіргі жастардың болашағына зор сеніммен қарап, үміт артады. Яғни, дені сау, білімді де, білікті жастарды көзге елестетеді. Өзіммен қатар құрдастарымды спортпен айналысуға шақырамын. Ұлы ойшыл Сократ: «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақыттты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» -деп айтқандай, адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек. Ал, денсаулықтың кепілі салауаттылық. Дені сау, жан-жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Салауатты өмір салтын ұстанайық , достар! Сұрақтарға жауап беру.
|
Слайд арқылы мәлімет беру
| |