17.02.2025
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ бойынша Талапкер ауылының IT мектебінде жас мамандар арасында сайыс болып өтті. Бұл білім бәсекесіне 23 мектептен келген жас ұстаздар қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктерін танытты. Сайыс үш кезеңнен тұрды:
I кезең - «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу.
II кезең - «Ашық сабақ» өткізу.
III кезең - «Шығармашылық жолдың бастамасы» атты таныстырылым.
Барлық қатысушылар өз білімдері мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсетіп, белсенділік танытты. Бұл байқауда мектебіміздің жас маманы Қабыкен Анар Сәрсенбайқызы жүлделі II орынды иеленді.
Жеңісіңіз құтты болсын! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілейміз!