8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту. Сейдахметова Л. Қ

Мектеп: №3

Сабақтың тақырыбы: Құрамында квадрат түбiрлерi бар өрнектердi тепе - тең түрлендiру

Күні:

Мұғалімнің есімі: Сейдахметова Л.Қ

Сынып:8

Қатысқандар саны 

 

Сабаққа

негізделген оқу мақсаты

8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту

Сабақ

мақсаттары:

Барлық оқушылар: бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтады.

Оқушылардың басым бөлігі: бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтып, қысқартады.

Кейбір оқушылар: бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтып, талдайды.

Бағалау

критерийлері:

(жетістік

критерийлері,

табыс

критерийлері,

күтілетін

нәтиже)

  • бөлшек бөлімін түйіндесіне көбейтуді біледі;
  • бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтады.

Тілдік

мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты: бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылтуды білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: «Квадрат түбір», «Квадрат түбір  астындағы сан», «Иррационалдықтан арылту», «Түйіндес», «Қысқаша көбейту формулалары»

Диалог үшін сөз тіркестері: өрнектің түйіндесі бұл...,бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу үшін...

Құндылықтарды дарыту

“Мәңгілік ел “жалпы ұлттық идеясы. Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығын дарыту.

Пәнаралық

байланыстар

Сызбаларды көркем еңбек, сызу сабақтарымен және қоршаған ортамен байланыстыру.

Алдыңғы оқу/

Бастапқы білім

Квадрат түбір, квадрат түбірдің қасиеттері, көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару, көбейткішті түбір таңбасының астына енгізу, қысқаша көбейту формулалары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

 

Сабақтың басы

 

 

 

Ұйымдастыру кезеңі: оқушы зейінін шоғырландыру.   

«Кондуктор» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру.

 Мұғалім оқушыларға ситуациялық сұрақ қояды.

-Егер сіздер қоғамдық көлікке мініп, өздеріңізде билет болмаса немесе билетке ақшаларыңыз жоқ болса қандай көңіл күйде болар едіңіздер?

    Оқушыларға өздерін осындай қоғамдық көлікте келе жатқандай сезінулерін сұрап, кондуктордан билет алуға тапсырмалар береді.

Кондуктор сабаққа белсенді қатысқан, сұрақтарға дұрыс жауап берген, есеп шығарған оқушыларға ғана билет береді.

Дескриптор:

- оқушылар жолаушылардың рөліне енеді,

 -кондуктордан сабақ аяқталамын дегенше билет алуға тырысады,

- сабаққа белсене қатысу керек екендігін түсінеді.

Ширату жаттығуы. «Иә», «жоқ» әдісі: ұсынылып отырған жаттығу

арқылы оқушылар жиналып қалған жағымсыз эмоцияларынан арылып,

жағымды қарым-қатынас құруға ынталанады. Жаттығу соңында сынып

оқушыларының жұмыс істеуге деген қабілеті байқалады.

Бөлшек иррационал бола ма

иә

жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ширату жаттығулары арқылы оқу мақсатын анықтайды.

 

Сабақтың ортасы

«Джигсо» әдісі  (Элиот Аронсон бойынша)  жаңа сабаққа  кіріспе  жасап, оқушылар  тақырыпты  өз беттерімен  меңгереді.

(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы оқушылар тақырыптың маңызды тұстарын белгілеп алады.

(Ө) 1 тапсырма. «Сәйкестендіру» белсенді әдіс тәсілі.  Оқушылардың алған білімін қолдану, нақтылау және  оқушылар белсенділігін  арттыру мақсатында қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

  • оқушылар өрнектің түйіндесін анықтайды;
  • өрнектің түйіндестерін сәйкестендіреді;
  • иррационал саны бар бөлшектің мәнін табады.

Кері байланыс. Түйіндес дегенді қалай түсінесің?

ҚБ:Билет беру арқылы бағалау

(Ж) 2-тапсырма. «Түйінді сәттер»  белсенді әдісі жазбаша тапсырмаларды орындауда оқушылар оқып жатқан тапсырмаларының түйінді сәттерді түсінуге және дамытуға әкеледі.

Тапсырмалар

Түйіндесі

Жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:

  • оқушылар өрнектің түйіндесін анықтайды;
  • түйінді бойынша есепті шығарады;
  • иррационалдықтан құтылады;
  • кестені толтырады.

ҚБ: « Кондуктор» әдісі арқылы бағаланады.

Кері байланыс. Қысқаша көбейту формуласын қалай қолландың?

 

 

Сабақтың соңы

 

Қорытынды : «Қосу,алу,қызықты» әдісі. Бұл  әдіс  оқушылардың  өздерінің  қазіргі  білім  деңгейін,  оларда  қандай  олқылықтар бар екенін анықтауға; өз оқуының табысты болуын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлауға және  зерттеуден  кейін  қандай  жаңа  ақпарат  зерделенгенін  талдауға  арналған  стратегия ретінде пайдаланылады.

Қосу

Мен үшін құнды болған мәлімет...

Алу

Сәтсіз болған нәрсе...

Қызықты

Мен үшін қызықты...

«Кондуктор» әдісі бойынша қорытындылап, қай топтың және қай оқушының қанша билет жинағаны анықталып, «ең белсенді жолаушы», «ең үздік топ» марапатталады.

Рефлексия: «Бас бармақ» әдісі арқылы сабақтан алған әсерлерін білемін.

 

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1-тапсырма.”Нәтиже” тәсілі:

тапсырма біреу,алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.

 

2-тапсырма. ”Қарқын” тәсілі:

кейбіреулері есепті тез орындайды да,баяу орындап отырған оқушыларға көмектеседі.

 

3-тапсырма. «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі:

кейбір оқушыларға тапсырманы

орындау барысында жан-жақты

әрі нақты көмек қажет болады.

 «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы жұптар бір-бірінің жұмысын бағалайды.

 

 

«Көңіл күй букеті» әдісі .Бұл әдіс оқушылардың материалды меңгергенін не толық түсінбегенін анықтап,ойын еркін білдіруге негізделген.

 

«Жетістік баспалдағы» әдісімен оқушылар берілген тапсырма бойынша қандай білім баспалдағында тұрғанын анықтайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. Сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдері қолданылатындықтан оқушылар сыныпта еркін қозғалады.