"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні!

02.04.2021

2 сәуір – Дүниежүзілік аутизм проблемасы туралы ақпаратты тарату күні! «Бүгінгікүн аутизм спектріндегі балалардың ата-аналары үшін ерекше күн». Басты мақсат – халықты ақпараттандыру, адамдарға аутизмнің шын мәнінде не екенін түсіндіру, олардың кім екенін жеткізу және инклюзиялық қоғам құру.

Алайда, бұл туралы тек осы күні ғана айту дұрыс емес. Себебі, «аутизм» диагнозы қойылған баламен қалай сөйлесу керектігін, онымен өзін қалай ұстау керектігін және оңалту курсын қайдан өту керек екендігін екінің бірі біле бермейді. Сондықтан баршаға қол ұшын беру мүмкіндігі.

Көк түс пен паззлдың бір бөлшегі бүкіл әлемде аутизмнің символикасы болып табылады . «Аутизм» диагнозы бар адамдардың тағдыры бізге бей-жайемес!  Көк түс пен паззлдың бір бөлшегі бүкіл әлемде аутизмнің символикасы болып табылатынын еске сала кетейік. Көк түстің өзі «аутизмнің түсі» емес. Негізінде ол - Аutism Speaks атты үлкен қоғамдық ұйымның логотиптерінің символикасы, 2010-шы жылдан бастап, олар өз ұйымын дамыту және үлкен маркетингтік жұмыс ретінде «көк түсті жақ» атты науқаны жүргізіле басталды. 

         Аутизм - бұл үкім емес. Біздің басты міндетіміз - бұл барлық ерекше балалар үшін қоғамның толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік беретін жағдай жасау.

Мектеп логопеді: Аубакирова А.С

 

Просмотров: 709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст