"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Кедергісіз мектеп" ресурстық орталығында ата-аналармен кездесу өтті.

18.03.2021

​Инклюзивті білім берудің  ресурстық орталығы  Талапкер  ауылының жалпы  орта  білім  беретін  мектебінде «Кедергісіз мектеп» жобасы  бойынша, инклюзивті  білім  берудің  ресурстық  орталығындағы мектеп оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті.
   

 Мақсаты:
• Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
• Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру;
• Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
     

Барысы:
1. Ата-аналарға логопед кеңесі
2. Психологпен тренинг
3. Мандала бояу
4. Кері байланыс
 
Кездесуге Тоғжан, Күнсұлу, Азамат атты балалардың аналары келді. Кездесу барысында ата-аналарға тілек сөдер ашық хат сыйланды.
Логопед кеңесі жазылған парақша таратылды.
Мектеп психологы тренинг жүргізді. Сіз балаңызды білесіз бе? тақырыбында. Одан кейін мандала бояу жұмысы ұсынылды. Ата-аналар  түрлі түсті қарындаштармен бояу жұмысын жүргізді.  Тренингтің қортындысы оқылды. Ата-аналар кері байланыс жасады.
Қазіргі  кезде  барлық  Қазақстандықтар  бәсекеге  қабілетті  әлемдік  стандарттар  талабына  сай  келетін,  сапалы  білім  алуына ерекше  өзектілікке  ие  болып  отыр. «Әрбір  бала бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем  бер» деген  ұстаным  Елбасымыздың  сындарлы  саясатының  айқын  дәлелі.

Просмотров: 431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст