Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары» Сыныптан тыс жұмыс. Рахимов Е. Т
Келісемін: Бекітемін:
директордың оқу-тәрбие №3 Талапкер орта
жұмысы жөніндегі орынбасары мектебінің директоры
Г.A. Хамзина ______________ С.Х.Абеева _________
« _____» _____________ 2019 ж. «____» ___________ 2019 ж.
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары»
5 “Б” сыныбы
Өткізген: Рахимов Е.Т.
2019-2020 оқу жылы
Тақырыбы: «Желтоқсан ызғары»
Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі:Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар
Түрі:аралас
Әдісі:
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі дөңгелек үстелімізіді ашық деп жариялаймыз.
Қазақстан мемлекеттік “ән ұраны” орындалады.
«Желтоқсан желі»
Бейне баян
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріпбілмеген Колбинді бір ауыздан сайлады.
жүргізуші:
17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!»деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.
Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз,маңдайымызды мұз,табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.
1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
« Қайрат Рысқұлбеков»- мағлұмат 5 в сынып оқушысы Дәулеткерей Томирис
жүргізуші:
Мәресі мұңлы ма ғасырдан
ғасырға кетер ісінің,
Атақты Желтоқсан көтерілісінің,
Ең басты күресі тіл үшін болғанын.
Бақ тілеп тілге иліккендерге,
Бұл жолы да біз билікпен бірге,
Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
жүргізуші:
Айналайын алтын әнім,жас өркені халқымның,
Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеде әлі сыз жатыр сол кездегі салқынның, айналайын,жас өркені халқымның.
« Ләззат Асанова»- мағлұмат 5 в сынып оқушысы Бәкіралі Сабина
Ербол Сыпатаев мағлұмат 5 в сынып оқушысы Жансерік Айнұр
Тәуелсіздік!Қасиетті де,құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып,ой жіберейік.
Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты жатыр.Ұлы даланың жас перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатыр.Жаңа ғасырмен бірге келген ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы
Сәбира Мұхаммеджанова мағлұмат 5 в сынып оқушысы Ыбырай Инабат
жүргізуші:
-Иә,Қазақстан-Тәуелсіз ел!Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне,бүгінде 20 жыл толып отыр.Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы,елтаңбамыз,төл теңгеміз,
дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты-Тәуелсіздік
1-оқушы: Еркеназ
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
2-оқушы: Алуа
Қазақстан
Қазақстан елім бар мақтанарым
Қазақстан жерім бар шаттанарым
Көк аспанда желбіреп көк байрағым
Туып өскен жерімді мақтағаным.
3-оқушы:Бақыткүл
Туған жер деп лүпілдеген жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
4-оқушы:Айдын
Қол жеткізіп Тәуелсіз бұл күнге де,
Талай асау белдерден өткеніме
Ту,Елтаңба,Әнұран, Рәміздерін
Қазақстан елінің көзі еткен.
5-оқушы: Ерасыл
Желтоқсанда үзілген жас буындар
Елін,жерін қорғады,ұмытпаңдар
Ұмытылмас мәңгілік батырларды
Қазақ елі әрқашан мақтан тұтар.
6-оқушы:Сабина
Қазақстан
Қазақстан елім бар мақтанарым
Қазақстан жерім бар шаттанарым
Көк аспанда желбіреп көк байрағым
Туып өскен жерімді мақтағаным.
7-оқушы:Баян
Туған жер деп лүпілдеген жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздік жолында құрбан болған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сияқты апа-ағаларымыздың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.
Ән: «Қасқалдақ»
жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,қонақтар бүгінгі тәуелсіздік мерекесі өз еліміздің тарихы жайлы,тәуелсіздік жолындағы күресі,желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өз мәресіне жеткен сияқты.
жүргізуші:Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді, Тойланып мың мереке,ұлыс күні
Мұны бізге ешкім алып бермеді. Құйылған шаңырақтың ырыс нұры
Тас көшеде тас-талқан боп өлгені. Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
«Желтоқсан ызғары» сыныптан тыс іс-шараға ақпарат
Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.
1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. 1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.
Бүгін 5 “Б” сыныптар арасында “Желтоқсан ызғары тақырыбында” өтті. Өткізудің басты мақсаты оқушыларды өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Оқушылар “Желтоқсан оқиғасы” туралы өз ойларын ортаға салды.Бір-біріне сұрақ қойды, пікірталас білдіріп ортақ ойларын ортаға салды.




Тарих пәні мұғалімі: Рахимов Е.Т.