"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Аудандық вебинар: «Музыка мен көркем еңбек пәндерін оқытуға жаңаша көзқарас: тәжірибе, әдіс-тәсілдер»

10.03.2021

Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Музыка мен көркем еңбек пәндерін оқытуға жаңаша көзқарас: тәжірибе, әдіс-тәсілдер»  тақырыбында ZOOM платформасы арқылы аудандық вебинар өткізілді.  Вебинардың мақсаты: музыка, көркем еңбек мұғалімдері арасында іс-тәжірибе алмасу, жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқытудың тиімділігіне қол жеткізу.  Үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинарға  ауданымыздың музыка мен көркем еңбек пәндері мұғалімдері қатысты.  Вебинар барысындабаяндамшылар қашықтықтан оқыту  кезіндегі   әдіс-тәсілдер,  бағалау түрлері, тақырыпқа сай материалдар дайындау жолдары туралы құнды ақпараттармен  бөлісті.Аталған іс-шараға    Целиноград ауданы  білім бөлімінің әдіскерлері Қорғанбеков Еркебұлан Сәрсенғалиұлы, Мукашева Гүлнар Советовна және Целиноград ауданы бойынша «Музыка, көркем еңбек пәні әдістемелік бірлестік»  жетекшісі Рахимжанова Айнұр Нұртаевна қатысты. Аудандық деңгейде ұйымдастырылған вебинарда Целиноград аудандық білім бөлімінің әдіскері Еркебұлан Сәрсенғалиұлы «Музыка мен көркем еңбек пәндері» бірлестігінің      жұмыс жоспарымен таныстырып өтті.

Вебинар соңында Еркебұлан Сәрсенғалиұлы ауқымды шараны ұйымдастырған Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебі ұжымына алғысын білдірді.

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст