"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Проблеманы шешуге бағытталған оқытудың тиімділігін арттыру стратегиялары» тақырыбында мектепшілік вебинар өтті

03.03.2021

Талапкер ауылы жалпы білім беретін орта мектебінде

 «Проблеманы шешуге бағытталған оқытудың тиімділігін арттыру стратегиялары » тақырыбында мектепшілік вебинар өтті

Күні: 02.03. 2021 жыл

Модератор:  Асанова Айнамкөз Ботаевна - тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, педагог-зерттеуші

Модератор: Шантасов Айболат Серикбавич, ғылыми әдістеме жұмысы жөніндегі директордың орынбасары,  педагог-зерттеуші

Тақырыбы: «Проблемалық оқытудың оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына баулудағы тиімділігі»

Баяндамашылар: Тлеуберді Сақып Сембықызы

 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы

Тақырыбы:  «Мәселе шешуші әдіс-тәсілдердің түрлері»

Ахметова Гүлжан Джамшитовна.  Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-сарапшы

Тақырыбы: «Ағылшын тілінде проблеманы шешуге бағыталған сыни ойлау технологиясын қолдану»

Мақсаты: Проблеманы шешуге бағытталған оқытудың тиімділігін арттыру стратегияларын анықтау, тиімділігін дәлелдеу. Тәжірибе алмасу.

    Барысы:    Вебинардың өту барысында, қазір  сөз болып отырған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, яғни алған білімін өмірде қолдана алу дағдысын дамытуда проблеманы шеше алуға үйрететін проблемалық оқыту әдісі туралы ой қозғалды.  Проблемалық оқыту  мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі.  Бұл оқушылардың бойында шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, проблеманы шеше алу дағдысын дамытатыны сөзсіз.  Проблемалық оқытуда  оқушыға ұсынылатын материалдың  шешімін табу, ең біріншіден оқушыға қызықты болуы шарт, оқушының проблеманың шешімін ұсынған шақта қанағаттануы тиіс. Осыған байланысты әр мұғалім өз баяндамасында проблеманы шешуге бағытталған оқытудың тиімділігін арттыру стратегияларымен таныстырып, нәтижелерімен бөлісті, тәжірибесімен алмасты.

Просмотров: 556


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст