"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Ертегілер еліне саяхат"

25.11.2024

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында  «Ертегілер еліне  саяхат» ұйымдастырылды.

Мақсаты; Оқушылардың ертегілер туралы білімдерін тереңдету; ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге, сөз мәнерін, қимыл - қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
- Оқушылардың бойындағы адамгершілік қасиеттерді ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуге тәрбиелеу.

Балалар, ертегі деген шынымен – ақ ғажап емес пе, сендер осы күнге дейін ертегіні біреулерің ата - әжелеріңнен, енді біреулерің ата - аналарыңнан тыңдап және оқып, теледидардан көріп келесіңдер.
Ертегі ерте заманнан бері адамзатпен бірге жасап келе жатыр және мәңгі жасай бермек. Ұлы ақын, жазушылардың бәрі бала кездерінде біз сияқты ертегі тыңдап өскен. Қазақ ертегілерін академик Мұхтар Әуезов үш топқа бөледі.
 Қиял – ғажайып ертегілер. Бұндай ертегілер ойдан, қиялдан туындайды.
 Жан – жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер. Бұндай ертегілер желісі хайуанаттар арқылы туындайды.
 Шыншыл ертегілер. Бұндай ертегілер барысы шыншыл әңгіме негізінде туындайды.
 Ертегіде ақылды, мейірбан болуға, қалай өмір сүре білуге, қалай достаса білуге үйретеді. Барлық нәрсе ақылмен істелу керектігі жайлы айтылады.
 

Просмотров: 1677


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст