Сабақтың тақырыбы: «Экология және Біз» 2 «А» сынып

Талапкер ауылы

№3 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Аукирова Аягоз Тулегновна

Сабақтың тақырыбы: «Экология және Біз» 2 «А» сынып

Мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту

Міндеті – табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, нақты айтқанда:

  •  суға ұқыптылықпен қарау;
  • ауаны сақтау;
  • жерді ластанудан сақтау.

Көрнекілігі: Табиғаттуралықанаттысөздер, слайдтар, түрлісуреттер, мақалмәтелдер, жұмбақтар.

Сабақтыңәдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, топпенжұмыс.

Сабақбарысы:

Ұран:ЭКО-сағат – Қазір баста!

Ұйымдастырукезеңі:

Кіріспесөз:

Табиғат - қоғамныңқорғаны. Алғашқықауымнанқазіргіғарышдәуірінедейінадамбаласыныңөмірсүругеқажетбарлықмұқтажынтабиғатөзқазынасыменжомарттықпенөтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялықжағдайына, тарихидамуынақарайқазақхалқытабиғатқойнауындабіргеөсіп, бітеқайнасыпкележатыр.

Мұндайжақындықолардытабиғатыңбауыры, жанашырыетіпжіберген. Халықтыңтабиғаттықадірлеп-қастерлеугесезімінбүкілөміртағылымынанкездестіреміз.

Балалартабиғатдегендеойымызға не келеді?

Табиғат — олӨсімдік. Өсімдік — бұлжасылжелек, көкмайсақұрақ, қызыл-жасылгүлдер. Өсімдікашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңкесая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатынтабиғаттыңсұлукөркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздіңдәулеті — жасылжелек, орман.

 

Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан

шығарсыңдар.

 

— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.

(талдау жұмысын жүргізу)

— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.

1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрдіде, тұрып қалды…

Сұрақ:

1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2. Арман қандай бала?

3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?

2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстарданбітеліп қалғанынкөрді…

Сұрақ:

1. Серіктің әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар?

2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?

3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

Оқушылардың орындауында «Атамекен» әні.

«Тірі табиғаттын ластануы» слайд көрсету.

Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?

1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;

2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,

ластамаймыз

3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.

4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.

Қорытынды

Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.