"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ТАЛАПКЕР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНДЕ «Ағылшын тілі сабағында конспектілеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың білімдерін жақсарту» ТАҚЫРЫБЫНДА ВЕБИНАР ӨТТІ

24.02.2021

Вебинар мақсаты – білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша мектеп мұғалімдер арасында конспектілеу әдісін тиімді  қолдану мәселесін талқылау және өзара тәжірибе алмасу.

  Қашықтан оқытуда мұғалімдерді әдістемелік қолдау, үздік тәжірибемен бөлісуді мақсат еткен вебинар жұмысына Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімдері қатысты. Онлайн режиминде өткен басқосуда вебинарға қатысушылар «Ағылшын тілі сабағында конспектілеу әдістерін қолдану арқылы оқушылардың білімдерін жақсарту» тақырыбындағы мәселелер көтерілді. Вебинарда ағылшын тілі пәні мұғалімдері «Конспектілеу әдісі: теория, тәжірибе, нәтиже», «Оқу процесінде ментальды картаны қолданудың маңыздылығы», «Ағылшын тілі сабағында дианраммаларды қолданудың тиімділігі», «Синквейн технологиясын оқу үрдесінде қолдану», «Джигсо әдісінің тиімділігі», «Полиглот әдісінің ерекшілігі», «Жазба жұмыстар арқылы бала тілін дамыту» тақырыптарында іс-тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс жасалып, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.   

Просмотров: 434


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст