"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектепке кітап сыйлау акциясы өтті.

17.02.2021

Сәкен Сейфуллин музейінің шығармашылық тобы, атап айтсақ музей қызметкері Н.А.Ғабдуллина "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша мектебімізге "С.Сейфуллин мұражайы", "Сәкен-қашанда Сәкен" атты мақалаларын сыйға тартты.
 Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан С.Сейфуллин мұражайын ашуға мұрындық болған жерлес ағамыз, Ақмола облысының белгілі ел ағасы - Молдахмет Досаев (1922-2011 )  1984 жылы С.Сейфуллиннің 90 жылдығын атап өту қарсаңында Ақмола өңірінің бір топ өрелі азаматтары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетімен Қазақ ССР Министрлер советіне хат жазған еді. Сол кездегі Целиноград облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Молдахмет Досаев ағамыздың бастаған табанды күресінің арқасында хат жолданғаннан төрт жыл өткеннен кейін-1988 жылы ақпан айының 20-сы күні ғана ҚазақССР Министрлер советінің шешімімен облыстық С.Сейфуллин мұражайын ашуға жарлық шығады. Жарлыққа сол кездегі Қазақ ССР советінің төрағасы, бүгінгі тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі қол қояды.
Молдахмет ағамыз Сәкен араласқан адамдармен кездесіп, ол тоқтаған үйлерінде болып, ақынның өз жерлестеріне сыйлаған тұрмыстық заттарын жинады. Ерейментау тауларының баурайында жазылған "Тау ішінде" және Бурабай көлінің жағалауында шығарылған "Ләйлім" өлеңдерінің түп нұсқасын тапты, осының барлығын Астанадағы С.Сейфуллин мұражайына тарту етті. Молдахмет  ағамыз қазақ халқының атақты ұлы туралы естелік ұрпақтарға сақталып қалуы үшін және өсіп келе жатқан ұрпаққа естелік болу үшін қолынан келгенінің  барлығын жасады.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст