"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Патриоттық әндер тақырыбында “Айгөлек” байқауы.

15.02.2021

Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде патриоттық әндер тақырыбында “Айгөлек” байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты: бастауыш сынып оқушылар арасынан ән-би өнеріне қабілетті оқушыларды анықтау, оқушыларды өнерге баулу, сахна мәдениетін үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздардай сезіндіру.

Қазақта «Асыл тастан,өнер жастан» деген мақал бар.Қай өнер болса да бала жастайынан машық болуы керек.Байқау 1-2 сыныптар арасында өтті.Байқаудың  сынақтарынан сүрінбей өткен өнерпаздар, ән айтып, бақтарын сынады.  Үмітін үкілеп келгендіктен, қай-қайсысы да жеңіс тұғырынан көрінгісі келеді. Жобадан  орын алғандар ІІ-маусымға  жолдама алды.Олар;

1 «Г» сыныбы,Сейтмаганбетова Айша

1 «Б» сыныбы,Жекебатыр Маншүк

1 «Д» сыныбы,Еркебұланқызы Фариза

2 «Ғ» сыныбы,Рамазанов Рауан

2 «Б» сыныбы,Асхан Әбілхайыр,Серік Құндыз,Абай Айсұлтан

1 «Е» сыныбы,Көпен Нұрдана

1 «В» сыныбы,Тоқтаубай Інжу

Ендеше,Айгөлекке сәттілік тілейміз!

Просмотров: 642

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст