«Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы»

 №3   Талапкер орта мектебі

«Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы»

(қашықтық тәрбие сағаты)

Сынып жетекшісі: Малгаздарова Т.Б.

Сыныбы: 1 «Г»

2020-2021 оқу жылы

Күні

18.01.2021ж

Тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы

Мақсаты

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа,еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтижелер

Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, түсіндіру, жұпта талқылау, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түйін сөз.

 

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, бейнежазбалар, слайд

Көрнекі құрал-жабдықтар

Зум платформасы

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті

 

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру                    (5мин)

 

-«Көршіге-комплимент» сергіту сәті

 

-Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді

 

-Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс

 

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады

 

Сабақтың басы

ІІ. Ыбырай туралы мәлімет

Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай қаласында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының белгілі би Балқожаның

қолында тәрбиеленді. Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық

тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды.

Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы, ғалым

В.В Григорьевпен жақын танысып алды.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол – заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады.Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға талпынды. (слайд 2)

 

Слайдта бейнеленген суреттерге қарап, мәліметтерді тыңдайды

 

Ми шабуылы (5мин мин)

 

 Ақын еңбектерінен «Кітапша жасау»

 

Оқушылар өз ойларын түйіндейді

 

 

Сабақ барысындағы көңіл-күйді анықтау (3 мин)

«Сабақтан алған әсер»

  1. Ы.Алтынсарин туралы не білдім
  2. Сабақтан алған әсер қалай болды, суретпен бейнелеу

Оқушылар көңіл күйін бейнелейтін суретті салады (смайлик түрінде немесе жыл мезгіліне сәйкес) Бұл іс-әрекет қатысушының  көңіл- күйін білдіреді

Рефлекция (5мин)

Қорытындылау

Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин – елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні,

Үлгі болып алдыңнан жолығады.

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды

Алтынсарин – даланың қоңырауы.

 

 

 

№ 3 Талапкер орта мектебі

1 «Г» сынып

«Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» қашықтық тәрбие сағатының ақпараты

18.01.21 күні Талапкер орта мектебі 1 «Г» сыныбында «Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» атты  қашықтық тәрбие сағаты болып өтті. 

Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. Сыни тұрғыдан ойландыру арқылы түйінді ой айта білуге,  өзіндік  пікірін қалыптастыруға дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Оқушыларды талаптылыққа, білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке,әдептілікке тәрбиелеу.

Тәрбие сағатында оқушылар Ы. Алтынсарин өмірімен, балаларды өз бар күш-жігерімен оқуға шақырғаны туралы еңбек жолымен таныс болып, шығармаларын оқыды. Ы.Алтынсариннің қызықты еңбек жолы туралы өз ой-қиялдарымен кітапша жасады.