"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектебімізде Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы ашылды

04.02.2021

Инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы Ақмола облысының білім басқармасымен АҚШ елшілігінің шағын гранттар бағдарламасы қолдауымен және «Дара» қайырымдылық қорының қаржыландыруымен «Кедергісіз мектеп» жобасы бойынша Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде  ашылып отыр. 
Бұл орталықтың ашылуының мақсаты: Барлық оқушылардың сонымен қатар, ерекше білімді қажет ететін балалардың да, сапалы білім алуға қолжетімділігін қамтамассыз ету. Арнайы психологиялық, әлеуметтік түзету – педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету арқылы олардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
 Мамандардан құралған психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі балалармен жеке жұмыс жүргізіп кедергілерді жоюға көмектеседі. Ерекше заманға сай үлгіде жабдықталған ресурстық орталық төрт бөлікті аймақтан тұрады. Әр баламен түзету сабақтарын жүргізуге арналған жеке аймақ, топтық жұмыстарға арналған аймақ, ата-аналар мен мамандардың кеңес алатын орны, балалардың сабақтан тыс сергітетін орны.
Бұл кабинет жаңа үлгідегі жиһазбен, техникалық құралдармен, сабаққа қажетті әдістемелік құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. «Дара» қайырымдылық қорынан аталмыш жобаға 1 599 653 теңге қаржы жұмсалды. Қазіргі кезде барлық қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті әлемдік стандарттар талабына сай келетін сапалы білім алуы ерекше өзектілікке ие болып отыр.

       

Просмотров: 582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст