9- сынып ата-аналары арасында «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығын қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
13 қараша күні 9- сынып ата-аналары арасында «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығын қалыптастыруда отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтау керек екенін көрсету. Ата-аналарға жеткіншектердің болашақ мамандықты өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін түсіндіру.
Жиналыс барысында қарастырылған мәселелер:
- 1-тоқсан қорытындысы
- «Мамандық таңдаудағы балалардың қызығушылығын қалыптастыруда отбасының рөлі» баяндама
- Оқытуды қашықтан тиімді ұйымдастыру туралы ақпарат беру; балалардың қауіпсіздігі
- Ағымдағы мәселелер
Ата-аналар жиналысы бекітілген күн тәртібі бойынша өткізілді. Ата-аналарға 1-тоқсан қорытындысы, мамандық таңдауға ықпал ететін негізгі факторлар туралы және қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру жолдары туралы нақты мәлімметтер берілді. ІІ тоқсандағы оқу процесінің ары қарай қашықтан жалғасатыны жайлы жан-жақты ақпараттар берілді. Сонымен бірге құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Балаға үйден қатаң қадаға керектігі ескертілді.