«Өзіңді зорлық – зомбылықтан қалай қорғау керек?»

Соңғы уақытта Қазақстанда балаларға зорлық әректтерін жасау оқиғалары көбейіп кетті.  Өкінішке орай мұндай қылмыстың себептері көп, сондықтан онымен  түрлі деңгейде  күресу керек.  Осыған орай Талапкер ауылы №3 орта мектебінде 8-11 сыныптары арасында  «Өзіңді сексуалды зорлық – зомбылықтан  қалай қорғау керек?»  тақырыбында  бірқатар іс-шаралар өтті. Іс-шараны биология пәнінің мұғалімі Какина Н.Ж мен Бөксенова А.Ғ «Өз денсаулығыңа деген ұқыпты көзқарас және салауатты өмір салты –жас ұрпақ болашағының кепілі» тақырыбындағы баяндамамен бастады. Баяндамада салауатты өмір салтын ұстанудың қағидалары мен оның адам үшін маңызы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар оқушыларға «Сіз ер жеттіңіз, бой жеттіңіз» тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте жас ерекшелігіне байланысты ер бала мен қыз бала арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғалды.  Мектебіміздің мейірбекесі «Жыныстық қарым-қатынас, жүктілік, контрацепция»  атты баяндамасын оқып, оқушыларға ерте  жыныстық қатынасқа түсудің неге алып келетінін түсіндірді. Сақтансаң -сақтаймын демекші, оқушыларға сонымен қатар «Өзіңді зорлық-зомбылықтан қалай қорғау керек?» тақырыбында жаднама таныстырылып, таратылды.  Жаднамада сондай қауіпті жағдай төнген кезде, оқушылар қандай іс-әрекет жасау керек екендігі туралы толық жазылған. Аталған іс-шараларды қорытындылау мақсатында барлық сыныптарда   «Махаббат ананатомиясы мен физиологиясы»   тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.Тәрбие сағаттарында махаббат ұғымының мәні түсіндіріліп, сүйіспеншілік пен сыйластық қасиеттерінің маңызы туралы айтылды.  Қорытындылай келсек, оқушылар ең бастысы өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда не істеу керек екендігін біліп және олардың қауіпсіздігі үшін ата-аналары мен ұстаздары үнемі  бірлесе жұмыс жасау керек екендігін түсінді.