Мектептегі мотивация деңгейін бағалау

Мектептегі мотивация деңгейін бағалау

Бірінші жарты жылдықта бастауыш мектепті аяқтап   5 сыныпқа келген оқушылардың орта буынға бейімделуін анықтау үшін жүргізілген жұмыстардың бірі : оқушылардың мектептегі мотивация деңгейін анықтау мақсатында   5 «а»,5 «ә», 5 «б» , 5 «в», 5 «г», 5 «ғ»,  5 «е» сынып оқушыларынан төмендегі сауалнама алынды

 

 Нұсқау

5- сынып білім алушыларының мектеп мотивациялық  деңгейін скринингті бағалау үшін, мектептепке және оқу үдерісіне қатынасын, мектеп жағдайына эмоционалды жауап беруін  айқындайтын 10 сұрақтан тұратын сауалнама қолдануға болады.  Білім алушылардың  мектеп мотивация деңгейін бойынша дифференциялау мүмкіндігі үшін келесідегідей ұпайлық  бағалауларды қолдану керек:

-  3 ұпай – жауап оның мектепке жағымды қатынасын және оқу жағдайын қалайтынын көрсетеді; 

- 1 ұпай – нейтралды жауап (білмеймін, әртүрлі болады және т.с.с.);
       -  0 ұпай – жауап, мектепке жағымсыз қатынасын және мектеп жағдайын  қаламайтынын көрсетеді.

мектеп мотивациясының 5 негізгі деңгейі белгілі:

-  мектеп мотивациясының жоғарғы деңгейі;

- жақсы  мотивация;

- мектепке жағымды қатынасы;

- төменгі мектеп мотивациясы;

- жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы.

 

 

Сауалнамаға мектеп бойынша 5 сынып оқушылары арасынан 173 оқушы қатысты.

Қатысқан сыныптар:  5 «а»,5 «ә», 5 «б» , 5 «в», 5 «г», 5 «ғ»,  5 «е»

 Сауалнама қорытындысы:

-  мектеп мотивациясының жоғарғы деңгейі: 29,5 %

- жақсы  мотивация: 38%

- мектепке жағымды қатынасы:22,5%

- төменгі мектеп мотивациясы:7,5%

- жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы:2,5%

Қорытынды: - төменгі мектеп мотивациясы көрсеткішін көрсеткен 13 оқушымен және жағымсыз мектеп мотивациясы, мектеп дезадаптациясы көрсеткішін көрсеткен 4 оқушымен сынып жетекшілерімен бірлесіп жұмыс жүргізілуде

                          

Аты-жөніңіз:

1. Саған мектепте ұнай ма немесе онша емес пе?

- онша емес -1
- ұнайды-3
- ұнамайды-0

2. Таңертең  тұрған соң, мектепке шын көңіліңмен барасың ба, 

әлде үйде жиі қалғанды қалайсың ба?
- үйде жиі қалуды қалаймын -0
- әртүрлі болады -1
-  көңілдене барамын-3

3. Егер мұғалім ертең мектепке барлықтарың келу міндет емес, қалағандарың

 үйлеріңде қалыңдар десе, сен мектепке барар ма едің әлде үйде қалар ма едің?

- білмеймін -1
-  үйде қалар едім -0
- мектепке барар едім -3

4. Қандайда бір сабақтарды  басқа уакытқа ауыстырса сізге ұнарма еді?

- ұнамайды-3
- әртүрлі болады -1
- ұнайды-0

5.  Үй тапсырмасын берсін бе?

- берсін -3
- бермесін-0
- білмеймін-1

6.  Мектепте сабақ болмай, тек қана үзілістер болғанын қалар ма едің?

- білмеймін-1
- қаламаймын -3
- қалаймын- 0

7. Ата-анаңа мектеп жайлы жиі айтып отырасың ба?

- жиі -3
- анда-санда-1
- айтпаймын -0

8. Сенде қатал мұғалім болғанын қалар ма едің?

- анық білмеймін -1
-  қалар едім-3
- қаламас едім -0

9. Сыныпта сіздің достарыңыз көп пе?

- аз -1
- көп- 3
- достарым жоқ-0

10. Сізге сіздің сыныптастарыңыз ұнай ма?

- ұнайды -3
- онша емес -1
- ұнаймайды-0.

 

1. 25 - 30 ұпай (максималды жоғарғы деңгей) – мектеп мотивациясының және оқу белсенділігінің  жоғарғы деңгейі.

Бұндай балалар жоғарғы танымдық  түрткілердің  (мотивтер) барымен, мектеп талаптарының барлығын табысты орындауға ұмтылумен ерекшеленеді. Мұғалімнің  барлық нұсқауларына  ұстанады, шынайы және жауапкершілігі бар, қанағаттаннарлық емес баға немесе ұстаз ескертпелерін алса қатты уайымдайды.

2. 20 - 24 ұпай  - жақсы мектеп мотивациясы.

Осындай көрсеткіштерге мектеп іс-әрекеттерін жақсы игере алатын білім алушылар  ие бола алады. Сұрақтарға жауап беруде қатаң шектер мен талаптарға оншада тәуелді еместігін көрсетеді. Осындай мотивация деңгейі орта шегі болып табылады

3. 15 - 19 ұпай  - мектепке жағымды қатынасы, бірақ мектептің  оқудан тыс жағы қызықтырады.

Бұндай балалар мектепте өзін жайлы сезінеді, бірақта мектепке достарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынас жасау үшін барады. Олар  өзін білім алушы ретінде сезініуі ұнайды.Балардың танымдық түрткілері төмен деңгейде қалыптасқан және оқу үдірісі аз қызықтырады.  

4. 10 -14 ұпай  - төменгі мектеп  мотивациясы.

Бұндай білім алушылыр мектепкеамалсыз барады, сабақтарды жіберуді қалайды. Сабақ кезінде басқа жұмыстармен айналысып отырады. Оқу іс- әрекетінде шынайы қиындықтарды бастан кешіреді. Мектепке тұрақсыз бейімделушілік жағдайында жүреді.    

5.   10 ұпайдан төмен – мектепке жағымсыз қатынасы, мектеп дезадаптациясы.

Бұндай балалар мектепте шынайы қиындықтарды бастан кешіреді: оқу іс-әрекетін игере алмайды, сыныптастарымен және мұғалімдермен қарым-қатынас жасауда қиналады. Мектеп оған жау орта болып көрінеді. Олар жылауы, үйге сұрануы мүмкін. Басқа жағдайларда білім алушылар агрессивтілік танытуы мүмкін, сонымен қатар тапсырмаларды орындаудан, тәртіпке сәйкес  жүруден бас тартуы  мүмкін.Бұндай балалардың нервті-психикалық денсаулығының ауытқуы байқалады.  

                              Мектеп психологы: Саткулова Қаламқас Сейтқамзеқызы

Қосымшалар: