"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

01.10.2024 күні «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өтті.

02.10.2024

«АЛТЫН САҚА» ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ
 Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде 01.10.2024 күні «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде  5-6 сыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы өтті. Мақсаты: математика  пәні бойынша  қабілетті оқушыларды анықтап, қызығушылықтарын арттыру. Олимпиада алдында директордың  оқу –ісі жөніндегі орынбасары Реметова Айжан Қадірбердіқызы және Шантасов Айболат Серікбайұлы  оқушыларға олимпиада ережесімен таныстырып, сәттілік тіледі. Олимпиадаға 5-6 сыныптардан 22 оқушы қатысты.
Олимпиаданың мектепішілік кезеңі бекітілген ережелер мен нұсқаулыққа сәйкес өткізілді. 
 Оқушылардың жұмысы тексеріліп, хаттама толтырылды.
Сондай-ақ олимпиада барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталды.  Олар:  
6- сынып оқушылары  Дюсенова Адия, Жайлыбай Жанель және 5сынып оқушылары Берген Амина, Жұмабек Төрехан «Алтын сақа» олимпиадасының аудандық кезеңіне жолдама алды. Аудандық олимпиаданың екінші кезеңіне өткен оқушыларымызға  сәттілік тілейміз!

Просмотров: 1445


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст