"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Онлайн семинар: "АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА"

15.12.2020

Талапкер ауылы №3 орта мектебі және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесе Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында онлайн семинар өткізілді. Семинардың такырыбы – «АБАЙ – ДАНА, АБАЙ – ДАРА ҚАЗАҚТА». Іс-шара барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі білімі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мамаева Гүлнар Бейсенқызы және Талапкер ауылы №3 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаңғақова Жаңылсын Жолдыбайқызы баяндама оқып, ұстаздармен ой бөлісті. Онлайн семинарға қатысқан ұстаздар тарапынан құнды пікірлер айтылды. Әсіресе Ұлы данышпан атамыздың қара сөздерінің қасиеті мен құдіретінің мәні мен мағынасына зор көңіл бөлініп, бір кезде Абайды толғандырған мәселелер қазіргі таңда да өткір де өзекті болып табылатыны атап өтілді. Абай шығармаларының өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде мықты құрал болып табылатыны жайлы әңгіме қозғалды. Семинарға мектебіміздің тілдер бірлестігінің мұғалімдері белсенді қатысты және семинарда Абай атамыздың өлеңдері үш тілде оқылды. Мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саламат Тұрсынқызы семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі білімі кафедрасына ризашылығын білдірді. Және де аталаған университетпен мектебіміз әріптестік қолдау тапқан. Жыл бойы семинар, дөңгелек үстелдер, кездесулер жоспарлы түрде ұйымдастырылып, шаралар өз мақсаттарына жетуде. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына байланысты мектебіміздің оқушылары көптеген іс-шараларға қатысып, алғыс хат пен марапаттарға ие болуда. Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер қазақты Абай арқылы таниды. Оның жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға толы шығармалары бүкіл халықаралық қауымдастыққа жатады, әлемдік мәдениеттің бөлігі болып табылады.

Просмотров: 714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст