"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы №3 орта мектебінде “Ұлт рухын ұлықтаған ұлы Абай” клубы ашылды.

15.12.2020

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында 14 желтоқсан күні Талапкер ауылы №3 орта мектебінде “Ұлт рухын ұлықтаған ұлы Абай” клубы ашылды.
Клубтың негізгі мақсаты: Абай Құнанбайұлының даналығын, рухани мұраларын насихаттау, оқушыларды Абайды тануға, өсиет сөздерінен өнеге алуға баулу.
Қазақ халқымен мәңгі бірге жасайтын дала дарыны, ғұлама, бүгінгі таңда әлемді мойындатқан адамзаттың Абайы биыл 175 жаста! Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында түрлі іс-шаралар республикамыздың әр түкпірінде, әлем елдерінде тойлануда.
Талапкер ауылы №3 орта мектеп ұжымы, оқушылары да аталған мерекеге өз үлестерін қосып келеді. Атап айтар болсақ, бүгін кезекті іс-шаралардың бірі – ауылымыздағы білім ордасында Абайтану кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Ұлы ақын мұрасын, өнегелі сөзін мәңгілік өсиет ретінде бағалай білуге шәкірттерді баулу мақсатында ашылған кабинеттің ақын шығармаларын оқушыларға тереңірек таныстырып, таным көкжиегін кеңейтуге септігі мол болмақ. Өйткені әрбір қазақтың жүрегінде Абай сөзі, Абай әні, Абай жыры сақталуы тиіс. Бүгінгі кештің қонағы Целиногрд ауданының құрметті азаматы, ауылымыздың ақсақалы Малгаздаров Сабыр Малгаздарұлы.

Просмотров: 671


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст