"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Тәуелсіздік күніне арналған онлайн-көрме

11.12.2020

     Талапкер ауылы №3 орта мектебінің  кітапханасында  16 желтоқсан -  Тәуелсіздік күніне  арналған  онлайн-көрме ұйымдастырылды. 

Тәуелсіздік – ата- бабам аңсаған,

Жете  алмай құрбан болды қанша  адам .

Махамбеттер кешегі өткен Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

   Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол  тайғақ кешуден өтті.

    1986 ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай  жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді.

        Бүкіл  ұлттың сүйегіне  таңба түсіріп, әділетсіз шешім  қабылданып, халықтың  ар- намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке  қаймықпай  қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан  үмытылмайды.

     Көрмеде Желтоқсан оқиғасына байланысты көптеген кітаптар орын алған.

    Болат Төлепбергеновтің «Рух пен Ар» »кітабы  кешегі 1986 жылы тұңғыш  ел Тәуелсіздігі үшін жанпидалыққа барған өрімдей желтоқсаншылардың, бүгінгі-  желтоқсан қайраткерлерінің  ерлік  пен азапқа толы жолы баяндалған.

   Сондай –ақ, желтоқсандық жастардың тар жол,тайғақ кешуі»мен өнегелі  істерін паш  етуге : сол Желтоқсан кезінде де , кейін де жан- тәнімен  араласқан, қажет жерінде батырлық көрсеткен аға ұрпақтың  іс-әрекеттері де,өз әңгімелері арқылы кеңінен көрсетілген.

    Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқа,  әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік , намысы берік халық ретінде жариялаған 

      Тәуелсіздік күні құтты болсын!                           

 

Просмотров: 552

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст