Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз. Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. Мектеп кітапханасы оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.