"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мұқағали «Үш бақытым»

28.10.2020

       Мұқағали «Үш бақытым»                                   

Талапкер ауылы №3 орта мектебінің 8 «Д» сынып  оқушысы Құнанбаев Берік және 5 «б» сынып оқушысы Жанатқызы Камиля makataev.kz ақпараттық порталы ұйымдастырған Республикалық «Мұқағали оқулары» байқауына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды. Жанатқызы Камиля І орынды иеленсе, Құнанбаев Берік жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады. Берік ақиық ақынның «Үш бақытым» өлеңін мәнеріне келтіре оқыса, Камиля «Шеше» өлеңімен топ жарды. Бұл оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Жансая Төлеуханқызы да өнерге құштар шәкірттерді дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Берік пен Камиляға болашақта қанаттары талмай тек биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст