"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУЫ

27.10.2020

 МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІГІН ДАМЫТУЫ

 

Оқу жылы барысында мектепішілік аттестациялау комиссиясының кезекті отырысы болып, аттестациядан өтетін мұғалімдердің бес жылғы іс-тәжірибелері құжаттары әзірленді. Жыл бойы аттестация мүшелері аттестациядан өтушілердің пән сабақтарына, сыныптан тыс өткізілген іс-шараларына қатысып, бақылау жұмыстарын алып, жұмыстарына қорытынды жасап отырды. Қаңтар  айында мұғалімдердің іс-тәжірибелері, шығармашылық есептері  жинақталды.  2020 жылғы кезекті отырыста аттестациядан өтетін мұғалімдердің біліктілік мінездемелері мен шығармашылық есептері тыңдалды және портфолиолары  жинақталып облыстық, аудандық, мектепішілік аттестациялау комиссиясына ұсынылды.   

Педагог-модератор санатына өтетін мұғалімдер өз іс-тәжірибелерін мектепішілік аттестациялау комиссиясына ұсынды. Педагог-модератор санатына тағайындалғандар:  Елжанова Айсулу Жайлауханқызы, Болат Ұлпан Манатқызы, Аубакирова Алия.

Педагог-сарапшы  санатына  өтетін мұғалімдер Целиноград ауданы білім бөлімінде құрылған аттестация комиссиясына  портфолиоларын ұсынып, педагог-сарапшы санатына тағайындалды. Олар: Айхожаева Гүлжазира Жалгасовна, Бибакирова Раушан Шахатовна, Жолаушина Гульзира Габдулловна.

Педагог-зерттеуші санатына бастаушы сынып мұғалімі Аукирова Аягоз Толегеновна іс-тәжірибелерін Ақмола облысы білім басқармасына бес жылдық іс-тәжірибесін ұсынды. Ұстазға облыстық аттестациялау комиссиясының шешімі бойынша  педагог-зерттеуші біліктілік санаты берілді.

Просмотров: 558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст