"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

27.10.2020

ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ

 

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- деп Абай ақын жырлағандай, ХХІ ғасыр – білім ғасыры.   «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. 

Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда Талапкер ауылы №3 орта мектебінің ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді. Мақсат біреу – ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулы.

Қазіргі таңда мектебімізде оқушылар ғылыми жоба тақырыптарын бекітіп, зерттеу жұмыстарымен айналысуда.  Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Өнерпаз  дарынды балалармен жұмыс жүргізу  жөніндегі  облыстық  оқу-әдістемелік орталығы» КММ 2020-2021  оқу жылы жалпы білім беретін мектептердің 1-7 сынып оқушыларының  «Зерде» зерттеу жобалары  мен шығармашылық жұмыстары жобалар байқауының іріктеу кезеңі өткізіліп, облыстық кезеңге  ұсынылған  жұмыстар жарияланды. Олар: «Тарих, өлкетану, этномәдениеттану» секциялары бойынша мектебімізден 2-сынып оқушысы Қабдолла Мағжан (тақырыбы: «Қызғалдақтың отаны Қазақстан», ғылыми жобаның жетекшісі Баймағамбетова Айнагүл Амангелдіқызы)  және 7-сынып оқушысы Жұмаш Ақбота  (тақырыбы: «Ерлік өшпейді, ер ұмытылмайды»,  ғылыми жобаның жетекшісі Рахимов Ермек Төлегенұлы). Облыстық ғылыми жобалар сайысына жол тартқан оқушыларымызға сәт-сапар тілейміз!

Просмотров: 735


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст