"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

ЖРВИ және тұмау профилактикасы

23.10.2020

ЖРВИ және тұмау профилактикасы

           Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді.

          Тұмау иммунитеттің әлсіреуі мен салқын тиюден пайда болмайды, оған ерекше вирус – тұмау вирусы себепкер болып табылады. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

                                                                    Тұмаудың алдын алу

           Тұмаудың алдын алу пайда болған ауруды емдеуге қарағанда әлдеқайда тиімдірек. Тұмаудың алдын алуға бағытталған шараларды жыл бойы сақтаған жөн: дұрыс тамақтану, шынығу иммунитетті арттырып, тұмауға қарсы тұрудың оңтайлы амалдары.

  • Маска тағып жүру вирустың тыныс алу жолдарына түсуіне кедергі тудырады.
  • Полидәрумендер мен С дәруменін қабылдау керек.
  • Ауыз қуысындағы микроорганизмдердің санын азайту үшін сарымсақты күнделікті пайдалану қажет.
  • Мұрынды шаю – әсіресе жұмыстан, мектептен, қоғамдық көліктерден шыққаннан кейін мұрынды жуып-шаю өте маңызды.
  • Індет кезінде адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болу.
  • Үйді үнемі ылғалды тазалап отыру қажет.
  • Мұрын қуысына ұдайы оксолин майын жағып отыру керек, әсіресе халық көп жиналатын орындарға барар алдында.
  • Тұмау індетінің басталуымен интерферон және интерферонның индукторлары, кейбір вирусқа қарсы дәрі – дәрмектер қолданылады.
  • Тұмау – ауыр және қауіпті дерт. Алайда, күз бен қыс мезгілдерінің басталуынан қорқып, үрейленбеңіздер: салауатты өмір салты тұмаудың алдын алуға көмектеседі. Дендеріңіз сау болсын!
Просмотров: 2502


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст