«№3 Талапкер орта мектебі»
ММ-де
2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет
туралы ақпарат
2017 жылы «№3
Талапкер орта мектебі» мемлекеттік мекемесінде:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау бойынша 357 адамға.
2. Мектепке дейінгітә рбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау бойынша 5 адамға.
3. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру бойынша 1 адамға мемлекеттік
қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет демалыс және мемлекеттік мерекелер күндерін қоспағанда аптаның жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет уақытында рәсімделеді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында қызмет алушыларға кішіпейілділік пен сыпайылық танытуға көңіл бөлінеді. Қызмет алушылар тарапынан шағымдар болған жоқ.