Елге қызмет - келелі міндет
Осыған сай болу әрбір мемлекеттік қызметшінің парызы. №3 Талапкер орта мектебінде мемлекеттік қызметтің бірнеше түрі көрсетіліп, талап пен ережеге сай орындалып отырады. Ауыл іргесі кеңейіп, тұрғындар саны өсіп,мектептегі оқушылардың саны артуына байланысты құжаттарды уақытымен қабылдап, оларға көрсететін қызмет сапасының да уақытылы және тез болуы да міндетті.Осыған орай осы 2017-2018 оқу жылының басталуынан бері мектепке 357 оқушы қабылданып, оларға 357 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Сонымен қатар биылғы жылы мектеп бойынша өтініш берген ,мектепті 2012 жылы аяқтаған Сүндетова Мөлдірге «Негізгі орта білім» туралыкуәліктің дубликаты берілді.Арыз берілген күннен бастап 15 күннің ішінде қызмет көрсетіліп, куәлігін уақытымен алды.
2016-2017 оқу жылының соңында, мамыр айының аяғында аттестатциялаудан өтуге 5 мұғалімнен өтініші қабылданып, биылғы жылы екінші санатқа аттестаттаудан өтті..
"Бастауыш,негізгіорта,жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қара мастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
мемлекеттік қызмет регламентіне сай көрсететін қызмет түрі:
1.Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушылар қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап бір жұмыс күнін құрайды;
2.Мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні (тіркеу кезінде) сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күту уақыты – 30 минут;
3.Мемлекеттік қызметті алушы өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспауы керек.
4.Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жеделдетіп ресімдеу қарастырылмаған.
Мектепке қабылдау жөнінде құжат тапсырған кезде ата-ана тарапынан тек мына құжат түрлері талап ектіледі:
1.Ата-ананың өтініші;
2.Баланыңтууы туралы куәлігінің көшірмесі;
3.3х4 екі фотосурет;
4.Медициналық карта форма Ф86