Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері.
Ұстаз-ұлағатты ұғым
Ұстаз...Қандай қасиетті сөз! Әр шәкірттің жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. «Ұстаздан тәрбие алған» «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген ұғымдармен ұштасып жатады.
Ұстаз жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.
Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та ұстаздық мамандығы. Ұстаздың бар бітім болмысы, тұлғасы жүріс-тұрысы, сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы бәрі бәрі оқушының балалық пәк жүрегіңнің түкпірінен орын ала берері сөзсіз.
«Ұстаз болу -өз уақытын аямау, өзгенің уақытын аялау» -деп Француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы,
ұстаздардың еңбегі ерен. Ұстаз болу –жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Тарихта ақыл парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап. әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын-Аристотельді, Абылайхан-Төле биді, Шәкәрім-Абайды, Жамбыл-Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз тұтқан.
Менің де мамандығым мұғалім. Қиындығымен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу ол игілікті
істердің бастамасы. «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін ғана тапсаң ашылады. Мұғалімнің қолында әркез сол кілт тұруы керек» деп
М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Алдымызға келген балалар біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі жан дегенде жалғызы, бірі-ерке, бірі-қой аузынан шөп алмас момын. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды.
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы
Ұстаз болу-жүректің батылдығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның асылдығы
Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті
талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Ұстаз білгенін ғана үйретуші емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана
тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ңзгң ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені өмірдің заңы даму, ілгерлеу озу.
«Болашақта еңбек етіп, өмір суретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға ,болашақ ұрпағымызды білімді білікті, тәрбиелі отан сүйгіш ретінде өсіріп жеткізу әр мұғалімнің борышы» деп Ел басымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай елдің ертеңін ойлайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаз қауымының парызы деп білемін
Ұстаз жорлы қиынырақ басқадан
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында
Қандай рахат шын бақытын тапса адам.