"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

01.02.2017

Жолдау тақырыбы: «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Хамзина Г.А.:

Құрметті: Ұстаздар мен оқушылар! Кеше 31-қаңтар күні Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жолдады. Жолдауда еліміздің бүгіні мен болашағына қатысты толғамды

ойлар мен нақты міндеттер көрсетілген. Бүгін біз Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын кеңінен таныстыру және талқылау мақсатында сіздерді осында жинап отырмыз. Алдымен Елбасының Жолдауға қатысты жасаған мәлімдемесін тыңдап,

әрі қарай тарих пәні мұғалімдерінің жолдауға қатысты жасаған баяндамасын тыңдайтын боламыз.

Н.Ә.Назарбаевтің жолдауына қатысты мағлұмат (бейнебаян)

Елбасы сөзі: Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр.  Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам  спортшы мен делегация мүшелері қатысуда. Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды. Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

Әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

 

Тарих пәні мұғалімі Бекбергенова Л.Е.:

Президент Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отыр. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздің бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маңызды. Қазақстан бұл кезеңде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.

Экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Бес басымдыққа тоқталып өту.

Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық

сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек.

Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға бейімдеу керек.

 

Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс. Бұл – автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.

Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.

Үшінші. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.

Әлемдік сұраныс бәсеңдеп кеткен кезде жаңа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеңейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өңдеуді тереңдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс. Жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырды.

*****

Төртінші. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты.

*****

Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.

Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдың жылдық көлемін: – контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін; – жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырды.

 

Тарих пәні мұғалімі: Байманов А.А

Кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы баспасөз беттерінде жарияланды. Президент Қазақстанды Үшінші жаңғырту жолына қойып отырғанын айтып, экономикалық өсімнің жаңа моделін құруды тапсырды. Жолдауда

экономикалық-қаржылық сектор, технология, білім беру, денсаулық сақтау бағыттары қамтылған. Жаңа жолдаудың ең маңызды тұстарын назарларыңызға ұсынамыз.

Жаңа технология

Осыған орай, Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Бағдарламаға сәйкес автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу секілді негізгі міндеттерді іске асыру керек. Сонымен бірге Елбасы Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырды.

Қытаймен серіктестік

Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру

жұмыстар жүргізілуде. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет.

Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт жұмыс жасауда.

Ауыл шаруашылығын дамыту

Жолдауда аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек екені жазылған. Президент астық

өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек екенін айтты.

«Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда

бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін  Үкімет пен әкімдерге субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын» - делінген Елбасы Жолдауында.

Транспорт пен «Нұрлы жер»

Логистикаға қазірдің өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет. Биыл республикалық маңызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары

жүргізіледі. Жыл соңына дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы жүйе енгізіледі.

Президенттің тапсырмасы бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындау барысында – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын

үймен қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қызметкерлерді қайта даярлау

Ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.

Кәсіпкерлікті дамыту

Жолдауда көрсетілген стратегиялық мақсаттың бірі – елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі

2050 жылға қарай кем дегенде 50%-ға жеткізу.  Осы мақсатқа сай бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие ала алатын болады.

Білім беру жүйесін өзгерту

Жолдауда айтылғандай алдағы кезеңде білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Оқыту бағдарламалары оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағытталуы қажет.

«Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет» - дейді Елбасы жолдауында.

Қазақ тілі мен ағылшын тілі оқыту бойынша Жолдауда

былай деп көрсетілген:

«Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар,

бүгінде ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Ағылшын тілін меңгермей,

Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені

тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет.

Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен енгізуіміз керек» - делінген.

Әлеуметтік көмек

Президенттің тапсырмасы бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы 20%-ға дейін өседі. Сонымен бірге 2017

жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі

20%-ға өсіріледі.

Ең

төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастырылатын болады. 2018 жылғы 1

қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін ең төменгі күнкөріс

шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оның жаңа форматы енгізіледі.

Терроризм мен киберқылмысқа қарсы

Қазіргі заманда адамзат

терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Елімізде және шетелдерде орын

алып жатқан терорлық іс-әрекеттерді естіп, біліп отырмыз.

Осы орайда Президент тапсырмасы

бойынша 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы

әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Киберқылмыспен

күрестің өзектілігі барған сайын арта түсуде. Жолдауда Президент Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

«Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырды.

 

 

Тарих пәні мұғалімі:

Сейткарімова А.Т.

Жолдауда көрсетілген төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бірінші. Ең

алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім

беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту

бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға

бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты

қалыптастыруға,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен

ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.

Үкіметке тиісті

ұсыныстар беру тапсырылды. Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу

мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленетін болды. Қазақ тілінің басымдығы

сақталады. Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде

ағылшын тілі – жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын

тілінде жарияланады.

Әрбір екі жыл

сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан

жалпы ұлттық прогреске жете алмайды. 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір

пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз.

Бұл мәселені

тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет. Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі,

әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да

бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен

енгізуіміз керек. Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын. Менің бастамам бойынша

биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске

асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз

жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы

тиіс.

Кәсіптік білім

беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар

дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының

талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес

жаңартылуы қажет. Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар

аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына, материалдық-техникалық

жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап

күшейтілуі қажет.

*****

Екінші. Білім беру

жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс.

Биылғы 1 шілдеден

мемлекеттің, жұмыс берушілердің, азаматтардың ортақ жауапкершілігіне

негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды.

Бұл жүйенің тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық

сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кең ауқымдағы медициналық қызметтер

ұсынылады.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ахитова Г.С.

Құрметті ұстаздар, оқушылар Елбасы Жолдауы біздің алдымызға көптеген міндеттер жүктеп

отыр. Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін білімді ұрпақ тәрбиелеу міндетіміз.

Ал, оқушылар, сіздер қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болып

қалыптасуларыңыз үшін тыңбай еңбектеніп, көп оқуларыныңыз қажет. Президенттің Үкіметке тапсырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына

сәйкес еліміздің барлық салаларында алдағы уақытта автоматтандыру,

роботтандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы жаңа технологияны игеру үшін заман

талабына сәйкес білім беру, ағылшын тілін меңгеруіміз қажет. Жолдауда айтылған

мақсаттарға жету жолында әрқайсымыз бар біліміміз бен біліктілігімізді салып,

аянбай еңбек ететін боламыз деп сенемін. Барлықтарыңызға жолдауды талқылауға

қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіріп, атқарып жатқан жұмыстарыңыз бен

оқуларыңызға табыс тілеймін!

 

 

 

2017 жылдың 31-қаңтарындағы ҚР-ның

Президентінің «Қазақстанның үшінші

жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа арнаған Жолдауын  мұғалімдер мен 9-11–сынып оқушылары арасында

талқылауға мақсатында ұйымдастырылған жиыннан көріністер:

Просмотров: 1366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст