"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

03.02.2017

Жаңаша оқыту  - заман талабы

 

    Елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер Республиканың тек экономика саласына ғана емес,  әлеуметтік саласына да өзгерістер әкелуде. Қоғамдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер  соның айғағы. Соған орай жалпы білім мектептерде оқу-тәрбие жұмысын  нәтижелі іске асыру, бір жағдайда « Білім негізі – бастауышта» екеніне мейлінше мойын бұрып, бастауыш сынып оқушыларының білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатыны

бәрімізге мәлім.

     Ең бастысы бала тек оқи алатын емес, оқығысы келестін болуы керек.

     Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы тұрақсыздығымен және бытыраңқылығымен, сонымен қатар өткірлігімен ерекшеленеді. Олар күнделікті жаңалықты, қоршаған ортадағы құбылыстарды қызығушылықпен

қабылдайды.

      Бастауыш сынып оқушыларының зейіні де айтарлықтай тұрақсыз, көлемі де шектеулі болып келеді. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының есте сақтауын дамыту жұмысы мұғалімнен үлкен күш-жігер мен еңбекті

талап етеді.

     Қазақстанның білім беру жүйесінің мақсаты әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жек тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын  көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру болып отыр. Білім беру жүйесіндегі инновациялық процестердің жүзеге асып дамуы бұл  білім беру жүйесінің дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттырудың шарттары. Сондықтан да қазіргі таңда  балаға деген көзқараспен қарым қатынаста баланы обьект деп қарамай оны дамушы тұлға ретінде қабылдап, балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы да осыған лайық өзгерістерге ұшырап, қазіогі педагогикадағы тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны еңгізудің қажеттілігі туып отыр. Ал жаңа технологияны пайдаланудың мақсаты міндеті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жету.

    Қоғамымыздыңқазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі – мектептегі білім  беру жүйесінде оқыту үрдісі технологияландыру. Осыған орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.

    « Технология» -tehno-өнер, шеберлік, ал logos – ғылым, заң. Түсіндірме сөздікте: «технология»-бұл қандай да болсын істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын жиынтығы делінеді.

     Оқу технологиясы- оқу материалдарын меңгерудің неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестіру. Дегенмен ғылыми педагогикада «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан.

    Педагогикалақ технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың бірі орыс ғалымы В.П.Беспалько. Оның жеке аспектілерімен түрлері В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков. Г.А.Монахова, М.А.Чошанова, т.б ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалко « Педагогикалық технологияны практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсаты бір –бірімен өзара байланысты әдіс тәсілдер деп қарастырады.

      Б.Т.Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді, оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады»

     М.В.Кларин «Педагогикалық технология – бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген анықтама ұсынады.

    М.А.Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технологиялары дидактикалық жүйенің процессуальдық құрамдас бөлігі».

    В.М.Монахов «Педагогикалық технология – оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі» деп көрсеткен.

    Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрақтың еркін дамуына, жан-жаөты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.

    Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерін және басқада еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат міндеттеріне және олардың іс—әрекеттеріне қарай жүйелеп бір схемаға телтіруге болады.

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасының қарым-қатынас педагогикасына көшу.      

       Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенәі ажырамас бірлігі. 

-      мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да -субьект, мұғалімде -субьект;

-     оқушы мен мүғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас;

      Білім беруді ізгілендіру технологиясы.(Ш.А.Амонашвили ). Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу,олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

      Ойын арқылы оқыту технологиясы.  Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік

мақсатқа жету. Ойындық  іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап- талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағ білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

      Проблемалық (мәселелік) оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың

      танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:

-     оқушының белсенділігін арттыру;

-     оқу материалында баланы қызықтыратындай  мәселе туғызу;

-     оқушы материалды сезім мүшесі арқылы  ғана қабылдап  қоймай,  білімге деген қажеттілігін   

    қанағаттандыру мақсатында меңгереді;

-    оқытудың бала өмірімен, еңбегңмен байланыстылығы.

       ірек белгілері арқылы оқыту технологиясы. (Шаталов В.Ф) мынаны көздейді:

-      білім, білік, дағдыны қалыптастыру;

-     барлық баланы оқыту (жеке әлеуметтік өміріне қарамастан);

-     Әр оқушының жобасын жариялылығын, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, окыту         

      тәрбиенің бірлігі.

      Түсіндіре оза оқыту технологиясы. (С.НүЛысенкова)

Барлық баланы табысты оөыту. Оөу материалының бірізділігі, жүйелілігі саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы, бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озат оқушылар, сосын орташалар, ең соңына нашар оқушылар қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру; түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас; оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғармау, үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту; түсіндіруді қабылдау.

     Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы. Білім, білік, дағданы меңгерту, мемлекеттік стандарт    

     көлемінде білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылдардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.

     Бағдарламалап оқыту технологиясы. (Б.Скинер, Н.Краудер, В.Беспалько) Ғылыми негізде түзілген бағдарлама оқытудың тиімділігін артыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.

     Оқытудың компьютерлік технологиясы.

Ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғам» даярлау.

     Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. (Л.Джинна Стил, С.Крутик Мередит, Чарльз Тэмпл) Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын

оқыту мен үйретудің моделі. Білімінің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту,  мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап. Өзгерістер енгізеді.

   Өздігінен даму технологиясы. (М.Монтессори) Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) болуы керке,  сонда бала өзін-өзі дамытады. Монтессори  педагогикасының ұраны баланың  мұғалімге « мынаны менің өзімніің жасауыма көмектесіп жіберу» деуіне жету. Баланың туғанынан  азаиат болғанаға дейінгі барлық өмірі оның еркіндігі мен  дербестігінің дамуы болып табылады.

    Дамыта оқыту технологиясы. (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Элбконин, В.В.Давыдов). Баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-  намыс, мақтаныш сезім, дербестік,

адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б қасиеттер. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі ертуші субьект.

   Модульдік оқыту технологиясы.

(В.М.Монахов) Оқытудың тұтас технологиясын жобалау алға қойған амқсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс. Түзу, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру. Оқушылармен жүргізілетін қиындықтын алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Оқушылар әр сатыға жоғардаған сайын олардың білім қабылдауы өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан оқушылардың жас ерекшеліктерін әр сатыда қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған технологияларды тиімді пайдалана білуі керек.

    Бастауыш саты –оқушыны интеллектілік дамуының іргетасы, оқу әрекетінің қалыптасуының қуаты кезеңі, бала мектеп жасына жеткенімен, олардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді. Не нәрсені болсада біреуі құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Сондықтан сабаққа көрнекілік, ойын элементтерін қолданып, оқыту процесін қызықты ұйымдастыру қажет. Бастауыш сыныпта қолданылатын технологиялар: «Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», «Оқыту мен жазу арқылы сын тұрғысынан даму технологиясы» стратегиясының кейбір элементтерін, «Оқытудың компьюьерлік технологиясы» пайдалану

арқылы сабақтарды түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырамын.

Просмотров: 1075


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст